
38
СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
• Йогурт болу үшін қандай сүтті қолдануға кеңес берер едіңіз?
Йогурттың сәтті жасалуына кепілдік беру үшін ультражоғары температуралық
өңдеуден өткен тартылмаған сүтті қолдануға кеңес береміз.
• Егер менде жартылай майсыздандырылғаннан басқа сүт болмаса, оны
қолдануыма бола ма?
Иә, Сіз жартылай майсыздандырылған сүтті қолдана аласыз, бірақ Сіздің
йогурттеріңіз сұйығырақ болып шығады. Оны қоюландыру үшін Сіз өніміңізге
құрғақ тартылмаған сүт өнімін қосуыңызға болады.
• Қандай ұйытқыны қолданған жөн?
Ұйыту үшін дүкеннен сатып алынған сақтау мерзімі ұзақ емес йогуртті, өзіңіз
әзірлеген йогуртті немесе құрғақ іріткіні қолдануға болады.
Ірімшік әзірлеу үшін сақтау мерзімі ұзақ емес жаңа жасалған ірімшікті
қолданып, бір ас қасық лимон шырынын (немесе 6 тамшы ірітетін ұйытқы)
қосыңыз.
• Әзірлеу процесі аяқталған соң йогурттерді бірден тоңазытқышқа
салған жөн бе?
Бұл міндетті түрде емес. Егер Сіз циклді түнге жіберсеңіз, йогуртті салқын
жерге қою үшін таңды күтуіңізге болады. Әзірлеу процесінің аяқталу
мезетінде құралдың жанында тұру міндетті емес.
• Кейбір кезде қақпақта конденсат пайда болады, не істеу керек?
Бұл қалыпты. Бағдарлама аяқталғаннан кейін, егер конденсат айтарлықтай
болса, қақпағын көтеріп, оны еңкейтпеуге тырысып, оны шұңғылшаның
үстінен аударыңыз. Осылай, будан пайда болған тамшылардың әзірленген
йогурттердің үстіне тамып кетуіне жол бермейсіз.
• Стақандарды міндетті түрде толтыру керек пе?
Жоқ. Стақандарды Сіздің қажеттілігіңізге қарай толтырасыз.
• Қантты қашан қосу керек: әзірлеуге дейін бе әзірлеуден кейін бе?
Йогурттерге қантты Сіз әзірлеу процесінің басында ұйытқымен бірге
қосуңызға болады. Қабылдар алдында Сіз йогуртке қант, бал, ванильді қант,
шәрбәт қосуыңызға болады.
• Кеңес беріңізші, дәмді йогурттерді қалай алуға болады?
Йогурттер қою және біртекті болуы үшін олардың құрамына кіретін барлық
құрам бөліктер бөлме температурасында болуы керек .
• Мен жеміс қосылған йогурттерді ұнатамын. Йогуртке балғын жемістер
қосуға бола ма?
Балғын жемістер құрамындағы қышқылдар йогурттің жұмыршақтануына
алып келеді, сондықтан біз тосаптағы жемістерді, жеміс пюрелерін,
бұқтырылған жемістерді қосуға кеңес береміз. Дайын йогуртке балғын
жемістерді дастарханға қояр алдында қосуыңызға болады.
• Қою йогуртті қалай алуға болады?
Йогурттің қоюлық дәрежесі үш жағдайға: қолданылатын сүт түріне,
ферменттеу мен ұйыту уақытына байланысты. Қою йогурттерді алу үшін
Добавить комментарий