
KAZ
40
40
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7.3.12 Дайындау бағдарламасы аяқталғандығы туралы сізге дыбыстық
сигнал хабарлайды. Осыдан кейін таңдалған бағдарламаға байланысты
құрал жылыту немесе күту режиміне өтеді.
7.3.13 Бағдарламаның жұмысын немесе жылыту режимін тоқтату үшін
«Бастау/Тоқтату» (Старт/Стоп) батырмасын басыңыз және ұстап тұрыңыз.
7.3.14 Дайындау аяқталғаннан кейін нан пісіргішті электр желісінен
ажыратыңыз.
7.4 Дайындау уақытын орнату
Нан пісіргішке 7, 11, 15-19 бағдарламалары үшін дайындау уақытын өз
бетіңізше орната аласыз. Дайындау уақытын өзгерту үшін бағдарламаны
таңдағаннан кейін «▲» және «▼» батырмаларын басыңыз. Өзгерту қадамы
және дайындау уақытының ықтимал уақыты таңдалған бағдарламаға
байланысты болады. Уақыт мәндерін тез өзгерту үшін керекті батырманы
басыңыз және ұстап тұрыңыз. Максималды (минималды) мәндерге жеткен
кезде дайындау уақыты ауқымның басынан (аяғынан) басталады.
7.5 Дайындау уақытын кейінге қалдыру бағдарламасы
«Дайындау уақытын кейінге қалдыру» атқарымы аяқталғаннан кез-
де нан дайын болуы керек уақыт аралықтарын беруге мүмкіндік береді
(бағдарламаның жұмыс уақытын есепке ала отырып). Уақытты 10 минуттан
15 сағатқа дейінгі орнату қадамымен орнатуға болады. Аталған атқарым
1-6, 8-10, 12-14 бағдарламаларында қолжетімді болады.
Кейінге қалдырылған дайындау уақытын өзгерту үшін автоматты
бағдарламаны, түсті және салмақты таңдағаннан кейін «▲» және «▼»
батырмаларын басыңыз. Мәндерді тез өзгерту үшін қажетті батырманы
басыңыз және ұстап тұрыңыз. Максималды (минималды) мәндерге жеткен
кезде дайындау уақыты ауқымның басынан (аяғынан) басталады.
Кейінге қалдырылған дайындау уақытын орнату кезінде дайындау уақытын
орнату кездегі батырмалардың қолданылатындығына назар аударыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер рецепт тез бұзылатын өнімдерден тұрса
(жұмыртқа, жаңа сауылған сүт, ет, ірімшік және т.б.) «Дайындауды
кейінге қалдыру» атқарымын қолдану ұсынылмайды. Дайындауды кейінге
қалдыруды бағдарламаны, салмақты және қабықшаның түсін таңдаудан
кейін орнатуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Нан пісіргіш үй шарттарында нан пісіруге және пай-
далану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тағамдарды дайындауға арналған!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген ре-
цепттер болжамды болып табылады және өзгертілулері мүмкін, бұл ретте
ингредиенттер саны 750 және 500 г аспауларын қадағалау қажет.
Джемді (тосабты) дайындағаннан кейін тез арада оны басқа ыдысқа ауы-
стырып құйыңыз және контейнерді жуыңыз.
Добавить комментарий