
KAZ
37
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құралды барлық қаптаушы материалын (бар болған жағдайда) алып та-
стай отырып, қаптамадан шығарыңыз. Бұйымның және желілік кабелдің
бүтіндігін тексеріңіз. Жиынтықты тексеріңіз және механикалық бүлінулердің
жоқтығына көз жеткізіңіз. Ескертуші жапсырмаларды, жапсырмалар-
көрсеткіштерді (бар болған кезде) міндетті түрде орындарында сақтаңыз.
Корпусты алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз.
Контейнерді құралдан келесі түрде алып шығыңыз: өстен араластыруға
арналған қалақшаны шешіңіз, пісіруге арналған контейнерді өске аздап
сағат тіліне қарсы жылжытыңыз және оның тұтқасынан ұстай отырып
өзіңізге тартыңыз. Пісіруге арналған қалыпты және араластыруға арналған
қалақшаны жылы сумен жуыңыз. Құралды және оның бөлшектерін
құрғатып сүртіңіз.
Іске қосудың алдында құрылғының ішкі және сыртқы бөліктерінің
бүлінулерге, сызаттарға және басқа да ақауларға ие емес екендіктеріне көз
жеткізіп алыңыз. Құралды қатты тегіс көлденең бетке, жылу көздерінен,
құралға судың, ыстық майдың және басқа да ластанудардың тиіп кетуі
мүмкін болатын орындардан алыс жерге орнатыңыз. Орнату кезінде оның
жанында декоративтік жабындардың, электрондық құралдардың және
жоғары температурадан зақымдануы мүмкін басқа да заттардың болма-
уларын қадағалаңыз. Нан пісіргішті үстелдің жиегіне жақын, сонымен
қатар қабырғаларға және басқа да құралдарға тығыз жақын қоймаңыз.
Аспалы жиһаздың астында орналастыру кезінде қақпақты ашуға жеткілікті
орын бар екендігіне көз жеткізіңіз. Нан пісірудің алдында нан пісіргішті
10 минутқа бос контейнермен іске қосу, сосын суыту, контейнерді шығару
және тағы да жуу қажет болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші рет іске қосу кезінде сипаттық иістің не-
месе дайын бұйымды консервациялау кезінде қолданылған техникалық
майлардың жануынан жеңіл түтіннің пайда болуы ықтимал болады. Бұл
зауыттық ақау болып табылмайды.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Электр энергиясының қысқа мерзімге ажыратылуы кезінде
орнатылған теңшеулердің сақталуы
Жұмыс істеп тұрғанда электр энергиясы ажыратылған жағдайда дай-
ындау бағдарламаларының теңшеулері құралдың жадысында 10 минут-
тай сақталатын болады. Электр қуат беру қайта жалғастырылған кезде
бағдарламаны орындау автоматты түрде жалғастырылатын болады.
Қуат беру 10 минуттан аса уақыт болмаған кезде теңшеулер кетіп қалады.
Электр желісіне қайта қосылған кезде құрал күту режиміне ауысады.
Егер рецептте тез бұзылатын өнімдер қолданылса, құралды электр
желісінен ажыратыңыз, оны суытыңыз. Пісіруге арналған қалыбты
шығарыңыз, оны тазалаңыз және жаңа ингредиенттерді қолданумен дай-
ындауды қайта бастаңыз. Тазалау кезінде «Техникалык қызмет көрсету»
бөліміндегі нұсқаулықтарды қатаң сақтаңыз.
Добавить комментарий