
25
RBM-M1910 RUS
KAZ
KAZ
мақсатта металл заттар пайдаланбаңыз — олар қалыптың күюге қарсы жабынын зақымда-
уы мүмкін. Қақпақты қажетті уақыттан ұзақ ашық қалдырмаңыз.
Пісіру үрдісінің ерекшеліктері
На пісіргіште пісірілген нанның дәмі мен құрылымына көптеген факторлар әсер етеді:
ингредиенттер сипаты, асханадағы температура, атмосфералық қысым. Нан пісірудің жеке
рецептіңізді қолданған кезде осы нұсқаулықта келтірілген өнімдерді салу және бағдар-
лама таңдау жөніндегі нұсқаулықтарды қатаң сақтаңыз. Басқа нан пісіргіштерге арналған
аспаздық кітаптардағы рецептілерді пайдаланған кезде 500, 750 немесе 1000 грамм
дайын нан салмағына бейімделіңіз. Жұмыс ыдысын ширек бөліктен асыра немесе, аса
қажет жағдайда, үштен бір бөлігінен асыра толтырмаңыз. Өзге жағдайда көтерілген кезде
қамыр қалып жиектерінен қыздырғыш камераға төгіліп, қыздырғыш элементке түсуі және
жетекті ластауы мүмкін, бұл, өз кезегінде, аспаптың сынуына алып келеді.
V. АСПАП КҮТІМІ
Аспапты тазарту алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғандығына және толық
салқындағанына көз жеткізіңіз. Әр пайдаланғаннан кейін қалып пен аспаптың ішкі беттерін
мұқият тазартыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап корпусын және электрлік қоректену сымын суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз. Нан пісіргіш және оның бөлшектері ыдыс жуу машина-
сында жууға жарамсыз.
1.
Қақпақты ашып, пісіруге арналған қалыпты шығарыңыз, ол үшін оны тұтқасынан
аздап сағат тіліне қарсы бұрап, жоғары тарту керек.
2.
Араластыруға арналған қалақты шешіңіз. Егер қалақ біліктен шешілмесе, пісіруге
арналған қалыпқа жылы су құйып, біршама уақытқа қалдырыңыз. Бұл жабысып қалған
қамырды жібітіп, қалақ жеңіл алынады.
3.
Өлшеуіш ыдысты, өлшеуіш қасықты, пісіруге арналған қалыпты және қалақты жұмсақ
жуу құралын қолданумен ыстық суда жуыңыз. Егер араластыруға арналған қалақтың
ішкі бөлігі ластанған болса, оны біршама уақытқа ыстық суға салып, кейін ақырындап
тазартыңыз.
4.
Бұйымның ішкі беті мен корпусын жұмсақ дымқыл асханалық майлықпен немесе
ысқышпен сүртіңіз. Нәзік тазартқыш құралды пайдалануға болады. Корпуста су ақпа-
лары мен сызаттардың алдын алу үшін оны құрғақ қылып сүртуді ұсынамыз. Жуу
құралын ысқышпен немесе шүберекпен толықтай сүртіңіз, әйтпесе кейін ол пісірме
дәміне әсер етуі мүмкін.
Аспапты тазалау барысында қатты сулықтар немесе сіңіргіштер абразивті паста
ларды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ кез келген химиялық грессивті немесе
асқа жанасатын заттармен бірге қолдануға кеңес берілмеген басқа да заттарды
қолдануға болмайды.
Нан пісіргішті қайта пайдаланар алдында немесе оны сақтауға жинар алдында барлық
бөлшектердің құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
Пісіруге арналған қалыпты пайдалану
Пісіруге арналған қалыпқа және қалақшаға дақтардың пайда болуының алдын алатын
және нанның алынуын жеңілдететін күюге қарсы жабын жағылған. Беттің зақымдануының
алдын алу үшін төменде келтірілген нұсқаулықтарды сақтаңыз.
1. Нанды ыдыстан алған кезде металл немесе өткір аспаптарды (мысалы, пышақ неме-
се айыр) пайдаланбаңыз.
2. Нан бөлкесін кесу алдында оның ішінде араластыруға арналған қалақтың жоқ екен-
дігіне көз жеткізіңіз. Егер қалақ іште болса, нан салқындағанша күтіп, қалақты арнайы
ілмекпен шығарыңыз. Араластыруға арналған қалақпен абай болыңыз, себебі ол ыстық
болуы мүмкін.
3. Пісіруге арналған қалыпты және қалақты тазартқан кезде жұмсақ ысқышты пайда-
ланыңыз. Қандай да бір абразивті заттарды (мысалы, тазартқыш ұнтақ) немесе қатты
ысқыштар пайдаланбаңыз.
4.
Қатты, ірі дәнді немесе ірі ингредиенттер (мысалы, иленбеген ұн, қант, жаңғақтар
немесе дәндер) әзірлеуге арналған ыдыстың күюге қарсы жабынын зақымдауы
мүмкін. Ингредиенттердің көп мөлшерін пайдаланған кезде оларды шағын бөліктер-
ге бөліңіз. Рецептілерде көрсетілген, ұсынылған көлемдерді және әрекет ету тәртібін
сақтаңыз.
Қалыпты жүйелі пайдаланған кезде оның ішкі күюге қарсы жабынының түсі толықтай не-
месе ішінара өзгеруі мүмкін. Бұл іс жүзінде қалып ақаулығының белгісі болып табылмайды.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
V I. СЕРВИС-ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР АЛДЫНДА
Ақаулық Ықтимал себептер Жою әдісі
Аспап қосылмайды
Электрлік қоректену сымы розет-
каға жалғанбаған
Электрлік сымның розеткаға қосылғандығына көз
жеткізіңіз
Электрлік розетка ақаулы Аспапты жарамды розеткаға қосыңыз
Электр желісінде тоқ жоқ
Электр желісінде кернеудің бар екендігін тексеріңіз.
Егер ол жоқ болса, сіздің үйге қызмет көрсететін
ұйымға жүгініңіз
Добавить комментарий