
24
17. «ЗАМЕС С ИЗМЕНЕНИЕМ ВРЕМЕНИ» («УАҚЫТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН ИЛЕУ») бағдарламасы
Көтерусіз және пісірусіз қамырды араластыруға арналған бағдарлама. 1минуттық орнату
қадамымен 8 минуттан бастап 45 минутқа дейінгі диапазонда уақытты реттеуге болады.
Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты — 8минут. Өнімнің салмағын таңдау мүмкіндігі және
старты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімсіз.
Бағдарламаны жылдам шақыру үшін басқару тақтасында «Тесто» батырмасын басыңыз
3 рет.
18. «ХЛЕБ ДЛЯ СЭНДВИЧЕЙ» («СЭНДВИЧТЕРГЕ АРНАЛҒАН НАН») бағдарламасы
Бидай ұнынан немесе бидай мен қара бидай ұндарының қоспасынан нан пісіру үшін
ұсынылады. Бағдарлама қамырды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды.
Қосымша ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім салмағын
және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылыту функ-
циялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
19. «ЙОГУРТ» («ЙОГУРТ») бағдарламасы
Әр түрлі йогурт түрлерін әзірлеуге арналған бағдарлама. 5 минуттық орнату қадамымен
10 минуттан бастап 12 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын реттеуге болады.
Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты — 8 сағат. Стартты кейінге қалдыру және автожылы-
ту функциялары қол жетімсіз.
20. «ДЖЕМ» («ТОСАП») бағдарламасы
Тосаптар, джемдер, пісірмеге, вафельдер мен балмұздақтарға арналған топингтер, кетчуп-
тер, әр түрлі дәмдеуіштер әзірлеу үшін, сонымен қатар бірқатар өнімдерді үйде консервілеу
үшін дайындау үшін қолданылады. 5 минуттық орнату қадамымен 10 минуттан бастап
1сағат 20 минутқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын реттеуге болады. Тағайындалу
бойынша әзірлеу уақыты — 40 минут. Стартты кейінге қалдыру және автожылыту функци-
ялары қол жетімсіз.
21. «БИСКВИТ» («БИСКВИТ») бағдарламасы
Дайын қамырдан бисквиттер пісіруге арналған бағдарлама. 5 минуттық орнату қадамымен
10 минуттан бастап 1 сағат 20 минутқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын реттеуге
болады. Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты — 50минут. Өнімнің салмағын және қабық-
ша түсін таңдау мүмкіндігі, сонымен қатар кейінге қалдырылған старт және автожылыту
функциялары қол жетімсіз.
22. «МОЛОЧНАЯ КАША» («СҮТ БОТҚАСЫ») бағдарламасы
Сүтте және суда ботқалар пісіруге арналған бағдарлама. 5 минуттық орнату қадамымен
10 минуттан бастап 2 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын реттеуге болады.
Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты — 40 минут. Стартты кейінге қалдыру және ав-
тожылыту функциялары қол жетімсіз.
23. «РАССТОЙКА И ВЫПЕЧКА» («БҰҚТЫРУ ЖӘНЕ ПІСІРУ») бағдарламасы
Бағдарлама дайын қамырдан бисквиттер және басқа өнімдер көтеру және пісіру үшін
ұсынылады. Араластыру кезеңі бұл бағдарламада жоқ. Стартты кейінге қалдыру функци-
ясы, сонымен қатар қабықша түсін таңдау мүмкіндігі қол жетімді. Әзірлеу уақытын қолмен
реттеу, өнім салмағын таңдау мүмкіндігі және автожылыту функциясы қол жетімсіз.
24. «ВАРКА» («ПІСІРУ») бағдарламасы
Бағдарлама араластырусыз пісіруді қамтиды. 5 минуттық орнату қадамымен 10 минуттан
бастап 1 сағат 30 минутқа дейінгі диапазонда уақытты реттеуге болады. Тағайындалу
бойынша әзірлеу уақыты — 1 сағат. Стартты кейінге қалдыру және автожылыту функция-
лары қол жетімсіз.
25. «МУЛЬТИПЕКАРЬ» («МУЛЬТИНАУБАЙШЫ») бағдарламасы
Мынадай бірегей бағдарламаның көмегімен, илеу мен қоя тұрудың кезеңдеріне, сонымен
қатар пісіру мен автожылытудың әрқайсысына уақыт белгілей отырып, сіз өзіңіздің жеке
рецептіңіз бойынша нан дайындай аласыз. Дайындау уақытын өзгертуге болатын басқа
бағдарламаларға қарағанда «Мультинаубайшы» бағдарламасында бастауды кейінге қал-
дыру функциясы бар.
1. Бағдарламаны жедел іске қосу үшін басқару панеліндегі «Мультипекарь» тетігін ба-
сыңыз. Дисплейде бағдарламаның тәртіптік нөмірі және оның әдепкі қалыпта жұмыс
істеу уақыты пайда болады. Қаласаңыз «+» және «–» түймешелерінің көмегімен сіз,
ол аяқталған кезде нан дайын болатындай етіп уақытты өзгерте аласыз, (стартты
кейінге қалдыруды орнату).
2. Дайындау уақытын жөнге келтіруге өту үшін «Мультипекарь» тетігін басыңыз.
3. «+» және «–» тетіктерін баса отырып бірінші кезеңнің ұзақтығын орнатыңыз және
өзгерісті құптау және келесі кезеңді реттеуге өту үшін «Мультипекарь» тетігін басыңыз.
4. Басқа да дайындау кезеңдерінің ұзақтығын осылайша орнатыңыз
5.
Өзгерістерді бекіту үшін және әрбір келесі кезеңді реттеуге өткенді бекіту „Мультипе-
карь“ түймешесіне басыңыз.
6.
Барлық дайындау кезеңдерінің ұзақтығын орнатып болғаннан кейін «+» және «–»
тетіктері арқылы автожылытудың ұзақтығын реттей аласыз.
7.
Жасалған өзгерістер нанпісіргіштің жадында сақталып қалады және келесі жолы
бағдарламаны таңдауда қолданылуы мүмкін. Зауыттық баптауларға қайту үшін ас-
папты электр желісінен 5-10 секундқа ажыратыңыз
Сапалы нәтиже алу үшін арнайы осы үлгі үшін дайындалған, РЕДМОНД RBM-M1910 нан
пісіргішіне қоса тіркелетін аспаздық кітаптағы рецептілерді пайдалануды ұсынамыз.
Сәйкес рецептілерді сіз сонымен қатар www.redmond.company сайтында таба аласыз.
I V. НАН ПІСІРУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
Қамыр консистенциясы
Егер қамыр жұмыс ыдысының бүйірлік беттеріне жабысса, қабырғаларға ұн себіңіз. Егер
қамыр өте құрғақ болса, бір ас қасық жылы су қосыңыз. Ыдыстың бүйірлік беттеріне жа-
бысқан барлық ингредиенттерді ағаш немесе пластикті қасықпен тазартуға болады. Бұл
Добавить комментарий