
22
шамалардың расталуына алып келеді. «Старт/Стоп» батырмасын қайта басу бағдар-
ламаны іске қосады.
7.
«Вес» батырмасы көмегімен дайын пісірме салмағының шамасын орнатыңыз. Ре-
цептілер кітабындағы нұсқауларға және тостағандағын ингредиенттер мөлшеріне
сүйеніңіз. Пісірме салмағының индикаторы дисплейдің жоғарғы бөлігінде орналаса-
ды. Өнім салмағын таңдау мүмкіндігі барлық бағдарламаларда қарастырылмаған.
8. Өнім қабықшасының қалаулы реңкін (ашық, орташа, күңгірт) таңдау үшін «Корочка»
батырмасын басыңыз. Қабықша түсінің индикаторы дисплейдің теменгi белiктерiне.
Тағайындалу бойынша «Средняя» шамасын орнатылған. Қабықша түсін таңдау мүм-
кіндігі барлық бағдарламаларда қарастырылмаған.
9. «Старт/Стоп» батырмасын басыңыз. Таймер әзірлеу уақытының кері санағын бастай-
ды.
10.
Араластырудың алғашқы 5 минуты ішінде қамырдың сыртқы түрін бақылау керек.
Одан дөңгелек тегіс түйір түзілу керек. Егер түйір түзілмесе, ингредиенттер дұрыс
араласпаған.
Бағдарламаның орындалуын баптауларды өзгертусіз уақытша тоқтату үшін «Старт/
Стоп» батырмасын басыңыз. Дисплейде уақыт шамасы жыпылықтай бастайды. Бағдар-
лама жұмысын жалғастыру үшін «Старт/Стоп» батырмасын қайта басыңыз
Нан пісіргіш қақпағын тек араластыру кезінде (жұмыс жасап жатқан мотор дыбысы
естіледі) ашуға болады. Қамыр көтерілген немесе пісірілген кезде қақпақты ашу дайын
өнім сапасының төмендеуіне алып келеді.
11. Әзірлеу бағдарламасының аяқталуы туралы сізге дыбыстық белгі хабар береді. Осы-
дан кейін, таңдалған бағдарламаға сәйкес, аспап автоматты түрде автожылыту тәртібі-
не немесе күту тәртібіне ауысады.
Әзірлеу аяқталғаннан кейін нанды шығарып алмаңыз және кеспеңіз. Оны нан пісіретін
пештің автожылытуы қосулы күйінде 1 сағатқа қалдыруға кеңес беріледі. Одан кейін дайын
өнімді аспаптан шығарып алып, толығымен суығанша бетін сүлгімен жауып қою керек.
12. Бағдарлама жұмысын немесе автожылыту тәртібін тоқтату үшін «Старт/Стоп» батыр-
масын басып, ұстап тұрыңыз.
13. Әзірлеу аяқталғаннан кейін нан пісіргішті электр желісінен ажыратыңыз.
Дайын нанды шығару
1.
Аспап қақпағын ашыңыз. Асханалық қолғапты пайдаланып, нан пісіруге арналған
қалыпты қолға алыңыз және оны сағат тіліне қарсы бұраңыз, кейін қыздырғыш ка-
мерадан шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есте сақтаңыз, әзірлеу үрдісі аяқталғаннан кейін нан, қалып және
қыздырғыш камера өте ыстық! Абай болыңыз, күйік шалудың алдын алу үшін асханалық
қолғапты пайдаланыңыз! Нан салынған ыстық қалыпты дастарханға, пластикті не-
месе тұтануы немесе балқуы мүмкін басқа термосезімтал беттерге қоймаңыз!
2. Пісіруге арналған қалыпты аударып, дайын нанды қалыптан шығарыңыз, оны торла-
маға немесе тағамға қойыңыз. Нан салқындағанша 20 минут күтіңіз
3. Пісіруге арналған қалып және аспап салқындағаннан кейін оларды «Aспап күтімі»
бөліміне сәйкес тазартыңыз.
Нан пісіргіш құрылымы пісірменің тостағаннан шығарғаннан кейін араластыруға ар-
налған қалақтың қалып ішінде білікте қалуы керектігін қарастырады. Егер бұл орын
алмаса және ол нанда қалып қойса, бұл ақаулық болып табылмайды. Қалақты жинаққа
кіретін арнайы ілмек көмегімен алып тастаңыз.
III. АВТОМАТТЫ ӘЗІРЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ
ТАҒАЙЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. «КЛАССИЧЕСКИЙ ХЛЕБ» («КЛАССИКАЛЫҚ НАН») бағдарламасы
Классикалық ақ нанды пісіру үшін қолданылады. Бағдарлама қамырды араластыруды,
көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады,
стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен
реттеу функциясы жоқ.
2. «ФРАНЦУЗСКИЙ ХЛЕБ» («ФРАНЦУЗДЫҚ НАН») бағдарламасы
Қытырлақ қабықшалы жеңіл француздық нанды пісіру үшін қолданылады. Қамырдың ұзақ
уақыт араластырылуын және көтерілуін қамтиды. Бағдарлама қамырды араластыруды,
көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша ингредиенттерді қосу уақыты туралы ды-
быстық белгі хабар береді. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады, стартты
кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу
функциясы жоқ.
Француздық нан жылдам қатқылданады, сондықтан оны бір күннен астам сақтамаған жөн.
3. «ЦЕЛЬНОЗЕРНОВОЙ ХЛЕБ» («ТҰТАС ДӘНДІ НАН») бағдарламасы
Осы нан үшін қолданылатын ұн ауырлау болғандықтан, бағдарлама қамырды араластыру
алдында 5 минут ішінде ингредиенттерді алдын ала жылытады және қамырды ұзақ уақытқа
«икемделуге» қалдырады. Дәнді ұннан жасалған бөлкелер әдетте өлшемі жағынан кішірек
және жоғарырақ тығыз болады.
Бағдарлама қамырды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша ин-
гредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім салмағын және
қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары
қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
4. «СДОБА» («ТОҚАШ») бағдарламасы
Әр түрлі қоспалар қосылған тәтті нан пісіруге арналған бағдарлама. Бағдарлама қамырды
араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша ингредиенттерді қосу уақы-
ты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға
Добавить комментарий