
8. Клиенттерге қызмет көрсету
Біз «Хайер» компаниясының клиенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарла-
суды, сондай-ақ түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануды ұсынамыз. Егер сіздің
тұрмыстық техникаңызда мәселелер туындаса, алдымен «Ақаулықтарды жою»
бөлімін оқып шығыңыз.
Егер де сіз ақауыңыздың шешімін таба алмасаңыз, мынаған жүгініңіз:
— өзіңіздің ресми дилеріңізге немесе
— біздің колл-центрге: 8-800-070-01-29
— https://haieronline.kz/ сайтына, онда сіз қызмет көрсетуге өтініш қалдыра
аласыз, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.
Сервистік орталығымызға жүгіне отырып, өтінеміз, паспорт тақтайшасынан
және түбіртектен табуға болатын төмендегі ақпаратты дайындаңыз:
Үлгісі _______________________________
Сериялық нөмірі _____________________
Сатылған күні ________________________
Сонымен қатар, кепілдігінің болуын және сатылғаны туралы құжаттарды тек-
серіңіз.
Маңызды! Бойлерде сериялық нөмірінің болмауы Өндіруші үшін бойлерді
сәйкестендіруді және нәтижесінде кепілдікті қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді.
Бойлерден зауыттық сәйкестендіру тақтайшаларын алып тастауға тыйым салына-
ды. Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілдік міндеттемелерді орындаудан бас
тартуға себеп болуы мүмкін.
Осы құжатқа алдын ала ескертусіз өзгерістердің енгізілуі мүмкін.
Өндіруші бұйымның құрылымы мен жинақтауына қосымша ескертусіз өзгері-
стер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Өнімді көрсетілген манипуляциялық белгілер-
ге сәйкес зауыт қаптамасында тасымалдау және сақтау қажет.
Өнім Еуразиялық экономикалық (Кеден) одағының техникалық регламент-
терінің талаптарына сәйкес келеді: Сәйкестік туралы декларация 31.08.2023
жылғы № ЕАЭС N RU Д-CN.РА07.В.03664/23 30.08.2028 дейін әрекет етеді.
Толығырақ мәліметтер Берілген сәйкестік сертификаттарының және Еурази-
ялық экономикалық одақтың сәйкестік туралы тіркелген декларациясының бірыңғай
тізілімінде көрсетілген.
Добавить комментарий