
Қыздыру элементін пайдаланған жағдайда, оның қуат сымы зақымдалған
кезде оны дайындаушы, сервистік қызмет немесе осыған ұқсас білікті қызметкерлер
ауыстыруы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді тек Haier авторландырылған сер-
вистік орталығының білікті маманы немесе Серіктестің мамандандырылған ұйымы
жүргізуі керек, ол осындай сервистік орталықпен жазбаша шартқа ие, оған тек ерек-
ше қосалқы бөлшектерді қолдана отырып техникалық қызмет көрсетуге және жөн-
деуге уәкілеттілік береді.
Кішкентай балаларға қбойлерме және/немесе бойлерден алынған орауыш
материалмен (картон, полиэтилен пакеттер және т.б.) ойнауға жол бермеңіз, өйткені
бұл олар үшін қауіп көзі болуы мүмкін.
Аспап физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмендеген немесе
өмірлік тәжірибесі не тиісті білімі жоқ адамдардың (балаларды қоса алғанда), егер
олардың қауіпсіздігіне жауапты адамның бақылауында болмаса немесе аспапты
пайдалану туралы нұсқау берілмесе, пайдалануына болмайды.
Жанама жылыту бойлерін дұрыс орнатпау пайдаланушының немесе басқа-
лардың жеке қауіпсіздігіне қауіп төндіруі немесе бойлердің өзіне және басқа мүлікке
зиян келтіруі мүмкін.
Бойлерді орнатуды жұмыстың осы түріне рұқсаты мен лицензиясы бар және
қолданыстағы мемлекеттік және жергілікті нормаларды, сондай-ақ осы нұсқаулықта
көрсетілген ұсыныстарды сақтай отырып мамандар ғана жүргізуі керек.
Өндіруші монтаждау және пайдалану қателіктерінен туындаған залал үшін,
сондай-ақ дайындаушының қолданыстағы мемлекеттік және жергілікті нормалары
мен нұсқауларын сақтамағаны үшін жауап бермейді.
Бетті тазалау кезінде қатты тазартқыш құралдарды қолдануға болмайды.
Сақтандырғыш клапаны мен су төгетін шүмекті пайдаланушы өз бетінше
ұстамауы керек, мұны кәсіби маман жасауы керек.
Егер бойлер суық мезгілде пайдаланылмаса және қатып қалу қаупі болса,
«Бойлерді ағызу» бөліміндегі тиісті нұсқауларды орындаңыз.
Сынған және/немесе қанағаттанарлықсыз жұмыс жағдайында өздігінен жөн-
деу немесе тікелей араласу әрекеттерінен аулақ бола отырып, бойлерді пайдалану-
ды дереу тоқтату керек.
Ақаулықты диагностикалау және бойлерді жөндеу үшін мамандандырылған
сервистік ұйымына хабарласыңыз. Сіз авторландырылған сервис орталықтарының
тізімін Сатушыдан, https://haieronline.kz/ сайтында немесе 8-800-070-01-29 шұғыл
желі телефонына қоңырау шалып біле аласыз.
Добавить комментарий