
Ыстық сумен жабдықтау жүйесін толтыру кезінде пайдаланылатын судың
құрамында қатты құрауыштар жоқ екеніне және өндірушінің талаптарына және
СанЕжН 2.1.3684-21 талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Бұл талаптың бұзылуы бактың, ТЭҚ және жылу алмастырғыштардың ішкі
бетінде қарқынды қақтың пайда болуына, магний анодының тозуының жоғарылауы-
на және төтенше жағдайларда бойлердің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Тұтынушының суға қойылатын талаптарды сақтамауы себебінен жинақтаушы
бойлер немесе оның толымдаушылар істен шыққан кезде өндіруші кепілдікті немесе
тегін сервистік қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Егер жылыту контуры үшін антифриз қосылған жылу тасығыш қолданылса,
онда ол санитарлық ережелерге сәйкес келуі керек. Тағамдық пропиленгликоль не-
гізінде жасалған антифризді қолдану ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатпайтын сұйықтықтарды жылыту тізбегі ретінде
қолданған жағдайда өндіруші антифризді қолдану себебінен жылу алмастырғыш
істен шыққан жағдайларда су жылытқышқа тегін кепілдікті қызмет көрсетуден және/
немесе жөндеуден бас тартуға құқылы.
3.3 Бойлерді ағызу
Бактың немесе жылу алмастырғыштардың сыйымдылығынан суды немесе
жылу тасығышты ағызу күйік тудырмайтын температураға дейін салқындаған кезде
ғана жүзеге асырылуы керек.
Техникалық қызмет көрсету, жөндеу, егер бойлер суық мезгілде пайдаланыл-
маса және т.б. бойлердің ішкі багынан бір немесе бірнеше су төгетін шүмектерді
және жүйенің ең төменгі нүктесінде бойлерді монтаждау кезінде орнатылған су тө-
гетін шүмекті ашып, суды төгіп тастаңыз.
3.4 Техникалық қызмет көрсету
Тұрақты қызмет көрсету қауіпсіздік пен шығындарды үнемдеудің кепілі болып
табылады. Жыл сайынғы бойлерге техникалық қызмет көрсету (бойлердің құнына
кірмейді және қосымша төленеді).
Бұл жұмыстарды Haier авторландырылған сервистік орталығының оқытылған
және құзыретті қызметкерлері жүргізуі міндетті шарт болып табылады.
Техникалық қызмет көрсету жылына кемінде бір рет жүргізілуі керек.
Техникалық қызмет көрсету кезінде құрамында абразивтер, қышқылдар және
химиялық еріткіштер бар тазартқыш құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
Жұмыс тізімі:
• Гидравликалық қосылыстардың саңылаусыздығын бақылау;
• Лайұстар сүзгілерін тексеру;
• Жылу алмастырғыштың күйін және бактың ішкі бетін тексеру, қажет болған
жағдайда оны ластанудан және ішіндегі қақ шөгінділерінен тазалау (тазалау жиілігі
судың қаттылық параметрлеріне байланысты);
Добавить комментарий