
60
ҚАЗАҚША
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
Машинаны тазалауды немесе техникалық қызмет көрсетуді бастамас бұрын,
машинаның қуат беру сымын розеткадан шығарып, сумен қамту шүмегін жабу керек.
Күйіп қалмас үшін бұл операцияларды машинада ыстық су салқындағаннан кейін
ғана жасалу керек.
• Машинаны және оның құрамдас бөліктерін тазалау үшін өткір заттар мен металл
щеткаларды, сондай-ақ құрамында абразивтер мен еріткіштер бар құралдарды
пайдалануға;
• Машинаны су ағынының астында жууға тыйым салынады.
Қажет болса, машинаның бетін сұйылтылған абразивті емес бейтарап тазартқыштармен
тазалау керек. Су төгілген жағдайда оны дереу дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
Кір жуудан кейін қалған барабанның ішкі бетіндегі тот пен басқа қоспаларды хлор
қосылыстары жоқ тазартқыш құралдармен дереу тазарту керек.
Әр жуудан кейін есіктің әйнегі мен машинаның барабан тығыздағышын тазалап, құрғатып
сүрту керек. Жуғаннан кейін тығыздағышта қалған кір мен бөгде заттар судың ағып кетуіне
әкелуі мүмкін.
Егер жұмыс кезінде судың температурасы нөлден төмен түсіп, машина «мұздап қалса»,
келесі әрекеттерді орындау қажет:
- машинаны электр қуатынан ажыратыңыз;
- су құятын құбыршегінің байланысын босату үшін сумен қамту шүмегін жылы сумен
шайыңыз;
- су құю құбыршегін ажыратып, оны жылы суға салыңыз;
- барабанға жылы су құйып, кем дегенде 10 минут күтіңіз;
- су құю құбыршегін жалғап, су төгу мен су берудің қалыпты жұмысына көз жеткізіңіз.
Машинаны қайта іске қоспас бұрын, бөлмедегі температура 0 ºС-ден жоғары екеніне көз
жеткізіңіз. Егер машина жиі қататын бөлмеде орнатылса, әр жуудан кейін су құятын және су
төгетін құбыршектерде қалған суды мұқият жуыңыз.
Су құятын құбыршектен су қалдықтарын кетіру үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- сумен қамту шүмегін жабыңыз;
- су құю құбыршегін шүмектен ажыратыңыз және оның ұшын су жинайтын ыдысқа
салыңыз;
- «Су төгу» және «сығудан» басқа кез келген жұмыс режимін іске қосыңыз;
- шамамен 40 секундтан кейін құбыршектен су ағып бастайды. Судың төгілуінің
аяқталуын күту керек;
- құбыршекті шүмекке қосыңыз;
- қалған суды төгіп тастаңыз.
Егер сумен қамту шүмегі толығымен ашық болса, бірақ су жеткіліксіз болса, су құю
сүзгілерін келесі жолмен тазалау қажет:
- сумен қамту шүмегін жабу;
- су құю құбыршегін шүмектен ажырату;
- су құю құбыршегі сүзгісін су ағынының астында шаю;
- су құю құбыршегін машинадан ажырату;
- машинаның су құю сүзгісін қысқышпен суырып алу;
- сүзгіні су ағынының астында шаю, содан кейін сүзгіні орнына салу;
- су құю құбыршегін жалғау және судың ағып тұрмағандығына көз жеткізу.
Машина
барабанын
тазалау
Су құю
сүзгісін
тазалау
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Добавить комментарий