
57
ҚАЗАҚША
Бирюса WMD-MK814/03
• Балалардан бұғаттау (Блокировка от детей): функция режимді ауыстырып-қосқышты
және «кідірту/бастау» батырмасын қосу үшін қолданылады, бұл балалардың параметрлерді
кездейсоқ өзгертуіне жол бермейді. Функцияны іске қосу үшін жуу циклі кезінде дыбыстық
сигнал пайда болғанға дейін «функциялар» және «таңдау» батырмаларын бір уақытта
кем дегенде 3 секунд басып тұру керек. Жуу циклі процесінде функцияны болдырмау үшін
көрсетілген батырмаларды кем дегенде 3 секунд басып тұру керек.
• Кідірту: функцияны кір жуар алдында заттарды суға салып қою үшін пайдалануға болады.
Таңдалған бағдарламаны іске қосқаннан кейін шамамен 10 минут күту керек, содан кейін
«кідірту/бастау» батырмасын басыңыз. Қажетті суға салып қою уақыты аяқталғаннан кейін
«кідірту/бастау» батырмасын қайтадан басу керек және кір жуу машинасы бағдарламаны
жалғастырады. Суға салып қою қатты ластанған заттарды жуу сапасын жақсартуға
мүмкіндік береді.
• Дыбыстық сигналды өшіру: машинаны іске қосқаннан кейін, дыбыстық сигналды
өшіру үшін «алдын ала жуу» батырмасын кем дегенде 3 секунд басып тұрыңыз. Дыбыстық
сигналды қалпына келтіру үшін әрекетті қайталаңыз.
• Кідіртіп бастау (Отложенный старт): функция жуу циклі аяқталған уақытты орнатуға
мүмкіндік береді. Тиісті батырманы басқан кезде жуу циклі аяқталғанға дейінгі уақыт
дәйекті түрде ауысады. Дисплей таңдалған уақытты көрсетеді. Жуу аяқталғанға дейінгі
уақытты 0-ден (функцияны өшіру) 24 сағатқа дейін белгілеуге болады. Функция жуу режимін
таңдағаннан және басқа қажетті жуу функцияларын қосқаннан кейін қосылуы керек.
• Кір жуу процесінде кірді қосымша жүктеу: функция кір жуу процесінде заттарды
барабанға қосымша жүктеуге мүмкіндік береді. Ол үшін жуу циклін бастағаннан кейін
«бастау/кідірту» батырмасын 3 секунд басып тұру керек. Осыдан кейін есікті бұғаттау
сөніп, қосымша жүктеу индикаторы жанады. Бұл есікті ашып, барабанға заттарды
жүктеуге болатындығын білдіреді. Заттарды жүктегеннен кейін есікті жауып, кір жуу циклін
жалғастыру үшін «бастау/кідірту» батырмасын басу керек.
• Жеделдетіп жуу (Ускоренная стирка): аталған функцияны қосқан кезде кір жуу циклінің
жалпы уақыты азаяды.
• Қыртыстанудың алдын алу (Предотвращение сминания): фукнция кір жуу кезінде
абайлап шаю және сығудың арқасында кірдің қыртыстануын азайтуға мүмкіндік береді.
• Қосымша жуу (Дополнительная стирка): аталған функцияны қосқан кезде кір жуу
циклінің уақыты және кір жуу тиімділігін арттыру үшін оның қарқындылығы көбейеді.
• Кептіру қарқындылығы: функциясы кір жуудан кейінгі киімді кептірудің қажетті
құрғақтығын беру үшін қолданылады:
- Жоғары қарқындылық. Цикл аяқталғаннан кейін киімді бірден киюге болатын ұзақ
кептіру режимі.
- Қарапайым қарқындылық. Бастапқы қалыпта орнатылған қарапайым ұзақтықта
кептіру режиім.
- Қысқа мерзімді қарқындылық. Қысқа мерзімді кептіру режимі, нәзік өнімдер үшін
пайдалануға болады.
- Жоғары температурадағы ауа легінің көмегімен кептіру.
• Менің циклім (Мой цикл): машинаның жадына цикл параметрлерін жазу үшін
ауыстырып-қосқышты қалаған режимге орнату, қажетті параметрлерді (температура, сығу
жылдамдығы), сондай-ақ кір жуу функцияларын таңдау қажет. Бұдан кейін дыбыстық
сигнал пайда болғанша «Менің циклім» батырмасын басу және 3 секунд ұстап тұру қажет.
Машинаны бұрын жазылған режимде іске қосу үшін «Менің циклім» батырмасын бір рет
басу, содан кейін «Бастау/кідіріс» батырмасын басу қажет.
Кір жуғыш
машинаның
функциялары
Добавить комментарий