
56
ҚАЗАҚША
Бирюса WMD-MK814/03
• Мақта (Хлопок): режим мақтадан, зығырдан немесе ерекше күтімді талап етпейтін басқа
маталардан дайындалған орташа және қатты ластанған киімді (күнделікті киім, төсек-орын
жабдығы) жууға арналған.
• Зарарсыздандыру (Стерилизация): кірді 70°С температурада ұзақ уақыт жуу есебінен
кірді зарарсыздандыру әсері қамтамасыз етілетін кір жуу режимі.
• ЭКО 40-60º: төмен температура кезінде кір жуу. Ақ және оңғақ түрлі-түсті мақтадан,
кәдімгі ластанатын синтетикадан жасалған заттарды жууға арналған. Режим жуып кетірудің
оңтайлы сапасын сақтаған кезде суды және электр энергиясын тұтынуды үнемдеуге
арналған.
Кір жуғыш-
құрғатқыш
машинаның
жұмыс
режимдері • Қарқынды (Интенсивная): бұл режимде кір жуудың тиімділігін арттыру мақсатында кір
жуудың ұзақтығы мен жалпы қарқындылығын арттырды. Бұл режим балалар киімдерін
және мақтадан, зығырдан немесе ерекше күтімді қажет етпейтін басқа маталардан
жасалған қатты ластанған заттарды жууға ұсынылады.
• Жылдам 15 мин (Быстрая 15 мин): кез келген типті матаны салқын су температурасында,
сәл ғана ластанған заттарды күнделікті жууға арналған ұзақтығы аз кір жуу режимі.
• Аралас маталар (Смешанные ткани ): қосымша бумен өңдеу арқылы жуу.
Режим сезімтал терісі бар адамдардың киімдері сияқты арнайы күтімді қажет ететін орташа
және қатты ластанған кірді жууға арналған. Кір жуар алдында өнімді ішіне айналдыру
ұсынылады.
• Синтетика: бұл режимде кір жуу уақыты және оның қарқындылығы «Мақта» режимімен
салыстырғанда төмендетілген. Бұл режим жұмсақ және синтетикалық матадан жасалған
бұйымдарды, перделерді және үлдірлі матадан жасалған бұйымдарды жууға арналған.
Тоқылған бұйымдарды жуған кезде бұйымдардың пішінін бүлдірмеу үшін жуғыш құралдың
мөлшерін азайту ұсынылады.
• Хош иістендіру (Освежение): бұл режимде заттар су мен жуғыш заттарды пайдаланбай
ыстық ауа легімен өңделеді. Режим жағымсыз иістерді және ауру тудырғыш бактерияларды
жоюға арналған.
• Аралас маталар (Смешанные ткани): мата түрі бойынша сұрыпталмаған, әдеттегі
ластанған аралас заттарды жууға арналған бағдарламалар.
• Жүн (Шерсть): бұл режим өндіруші машинада жууға жол беретін тек Жүнті және
жартылай Жүнті бұйымдарды жууға арналған. Бұйымның құлақшасындағы ұйғарынды
температуралық режим туралы ақпаратты мұқият оқып шығу қажет. Жүнтен жасалған
бұйымдар үшін арнайы жуғыш құралдарды қолдану ұсынылады.
• Қыздырмай жуу 20° (Холодная стирка 20°): төмен температурада матаның кез-келген
түрін жууға, аз ластанған кірді күнделікті жууға арналған режимі.
• Кір жуу + құрғату (Стирка + сушка): соңында кірді сығу мен кептіру жалғасатын кір
жуудың стандартты циклі
• Кір жуу + құрғату 1 сағат (Стирка + сушка 1 час): кейінгі сығу және құрғату арқылы
төмен температурада заттардың аздаған санын жуу режимі.
• Құрғату (Сушка): бұл режимде кірді құрғатудың толық циклі ғана орындалады.
• Алдын ала кір жуу (Предварительная стирка): бұл функцияны қатты ластанған
заттарды жуған кезде іске қосу ұсынылады. Ескірген және сіңіп кеткен кірді кетіруге
көмектеседі.
• Қосымша шаю (Дополнительное полоскание): функция кірден жуғыш заттың
қалдықтарын мұқият жууға мүмкіндік береді. Бұл функцияны балалар заттарын жуу үшін,
сондай-ақ көрпелер, курткалар және т. б. сияқты тығыз заттарды жуу үшін пайдалану
ұсынылады.
Кір жуғыш
машинаның
функциялары
Добавить комментарий