
52
ҚАЗАҚША
Бирюса WM-MK714/03, WM-MK814/03, WM-MG914/07,
WM-MG1214/11
• Алдын ала кір жуу (Предварительная стирка): бұл функцияны қатты ластанған
заттарды жуған кезде іске қосу ұсынылады. Ескірген және сіңіп кеткен кірді кетіруге
көмектеседі.
• Қосымша шаю (Дополнительное полоскание): функция кірден жуғыш заттың
қалдықтарын мұқият жууға мүмкіндік береді. Бұл функцияны балалар заттарын жуу үшін,
сондай-ақ көрпелер, курткалар және т. б. сияқты тығыз заттарды жуу үшін пайдалану
ұсынылады.
Кір жуғыш
машинаның
функциялары
• Балалардан бұғаттау (Блокировка от детей): функция режимді ауыстырып-қосқышты
және «кідірту/бастау» батырмасын қосу үшін қолданылады, бұл балалардың параметрлерді
кездейсоқ өзгертуіне жол бермейді. Функцияны іске қосу үшін жуу циклі кезінде дыбыстық
сигнал пайда болғанға дейін «функциялар» және «таңдау» батырмаларын бір уақытта
кем дегенде 3 секунд басып тұру керек. Жуу циклі процесінде функцияны болдырмау үшін
көрсетілген батырмаларды кем дегенде 3 секунд басып тұру керек.
• Кідірту: функцияны кір жуар алдында заттарды суға салып қою үшін пайдалануға болады.
Таңдалған бағдарламаны іске қосқаннан кейін шамамен 10 минут күту керек, содан кейін
«кідірту/бастау» батырмасын басыңыз. Қажетті суға салып қою уақыты аяқталғаннан кейін
«кідірту/бастау» батырмасын қайтадан басу керек және кір жуу машинасы бағдарламаны
жалғастырады. Суға салып қою қатты ластанған заттарды жуу сапасын жақсартуға
мүмкіндік береді.
• Дыбыстық сигналды өшіру: машинаны іске қосқаннан кейін, дыбыстық сигналды
өшіру үшін «алдын ала жуу» батырмасын кем дегенде 3 секунд басып тұрыңыз. Дыбыстық
сигналды қалпына келтіру үшін әрекетті қайталаңыз.
• Кідіртіп бастау (Отложенный старт): функция жуу циклі аяқталған уақытты орнатуға
мүмкіндік береді. Тиісті батырманы басқан кезде жуу циклі аяқталғанға дейінгі уақыт
дәйекті түрде ауысады. Дисплей таңдалған уақытты көрсетеді. Жуу аяқталғанға дейінгі
уақытты 0-ден (функцияны өшіру) 24 сағатқа дейін белгілеуге болады. Функция жуу режимін
таңдағаннан және басқа қажетті жуу функцияларын қосқаннан кейін қосылуы керек.
• Кір жуу процесінде кірді қосымша жүктеу: функция кір жуу процесінде заттарды
барабанға қосымша жүктеуге мүмкіндік береді. Ол үшін жуу циклін бастағаннан кейін
«бастау/кідірту» батырмасын 3 секунд басып тұру керек. Осыдан кейін есікті бұғаттау
сөніп, қосымша жүктеу индикаторы жанады. Бұл есікті ашып, барабанға заттарды
жүктеуге болатындығын білдіреді. Заттарды жүктегеннен кейін есікті жауып, кір жуу циклін
жалғастыру үшін «бастау/кідірту» батырмасын басу керек.
• Жеделдетіп жуу (Ускоренная стирка): аталған функцияны қосқан кезде кір жуу циклінің
жалпы уақыты азаяды.
• Қыртыстанудың алдын алу (Предотвращение сминания): фукнция кір жуу кезінде
абайлап шаю және сығудың арқасында кірдің қыртыстануын азайтуға мүмкіндік береді.
• Қосымша жуу (Дополнительная стирка): аталған функцияны қосқан кезде кір жуу
циклінің уақыты және кір жуу тиімділігін арттыру үшін оның қарқындылығы көбейеді.
Добавить комментарий