
43
ҚАЗАҚША
• Мақта (Хлопок): режим мақтадан, зығырдан немесе ерекше күтімді талап етпейтін басқа
маталардан дайындалған орташа және қатты ластанған киімді (күнделікті киім, төсек-орын
жабдығы) жууға арналған.
• ЭКО 40-60º: төмен температура кезінде кір жуу. Ақ және оңғақ түрлі-түсті мақтадан,
кәдімгі ластанатын синтетикадан жасалған заттарды жууға арналған. Режим жуып кетірудің
оңтайлы сапасын сақтаған кезде суды және электр энергиясын тұтынуды үнемдеуге
арналған.
Кір жуғыш
машинаның
жұмыс
режимдері • Синтетика: бұл режимде кір жуу уақыты және оның қарқындылығы «Мақта» режимімен
салыстырғанда төмендетілген. Бұл режим жұмсақ және синтетикалық матадан жасалған
бұйымдарды, перделерді және үлдірлі матадан жасалған бұйымдарды жууға арналған.
Тоқылған бұйымдарды жуған кезде бұйымдардың пішінін бүлдірмеу үшін жуғыш құралдың
мөлшерін азайту ұсынылады.
• Барабанды тазарту (Очистка барабана): режим судың көп мөлшерімен ең жоғары
температурада машинаның барабанын тазартуға және стерильдеуге арналған. Бұл режим
кір жууға арналмаған. Ең үздік нәтижеге жету үшін жуғыш құралдың аздаған мөлшерін қосу
ұсынылады.
• Алдын ала кір жуу (Предварительная стирка): бұл функцияны қатты ластанған
заттарды жуған кезде іске қосу ұсынылады. Ескірген және сіңіп кеткен кірді кетіруге
көмектеседі.
• Белгілі бір уақытта аяқтау (Окончание через): 40°C температурада әдеттегідей
ластанған аралас кірлерді жуу режимі. Кір жуу аяқталғанға дейін уақыттың бірнеше
нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді.
• Мақта қарқындылығы (Хлопок интенсив): бұл режимде оның тиімділігін арттыру
мақсатында жуудың ұзақтығы мен жалпы қарқындылығы артады. Бұл режим балалар
киімдерін және мақтадан, зығырдан немесе ерекше күтімді қажет етпейтін басқа
маталардан жасалған қатты ластанған заттарды жууға ұсынылады.
• Қосымша шаю (Дополнительное полоскание): функция кірден жуғыш заттың
қалдықтарын мұқият жууға мүмкіндік береді. Бұл функцияны балалар заттарын жуу үшін,
сондай-ақ көрпелер, курткалар және т. б. сияқты тығыз заттарды жуу үшін пайдалану
ұсынылады.
• Жұмсақ (Деликатная): бұл режим өте жұмсақ маталардан жасалған бұйымдарды жұмсақ
жуу үшін ұсынылады.
• Қыздырмай жуу (Холодная стирка): кез-келген түрдегі матаны төмен температурада
жуу режимі, аз ластанған кірді күнделікті жууға арналған.
• Жылдам (Быстрая): режим төмен температурада аздап ластанған заттарды қысқа
уақыт ішінде жууға арналған.
Кір жуғыш
машинаның
функциялары
• Балалардан бұғаттау (Блокировка от детей): функция режимді ауыстырып-қосқышты
және «кідірту/бастау» батырмасын қосу үшін қолданылады, бұл балалардың параметрлерді
кездейсоқ өзгертуіне жол бермейді. Функцияны іске қосу үшін жуу циклі кезінде дыбыстық
сигнал пайда болғанға дейін «қосымша шаю» және «сығусуыз» батырмаларын бір уақытта
кем дегенде 3 секунд басып тұру керек. Жуу циклі процесінде функцияны болдырмау (жою)
үшін көрсетілген батырмаларды кем дегенде 3 секунд басып тұру керек.
• Кідірту: функцияны кір жуар алдында заттарды суға салып қою үшін пайдалануға болады.
Таңдалған бағдарламаны іске қосқаннан кейін шамамен 10 минут күту керек, содан кейін
«кідірту/бастау» батырмасын басыңыз. Қажетті суға салып қою уақыты аяқталғаннан кейін
«кідірту/бастау» батырмасын қайтадан басу керек және кір жуу машинасы бағдарламаны
жалғастырады. Суға салып қою қатты ластанған заттарды жуу сапасын жақсартуға
мүмкіндік береді.
• Дыбыстық сигналды өшіру: машинаны іске қосқаннан кейін, дыбыстық сигналды
өшіру үшін «алдын ала жуу» батырмасын кем дегенде 3 секунд басып тұрыңыз. Дыбыстық
сигналды қалпына келтіру үшін әрекетті қайталаңыз.
Бирюса WM-ME712/04
Добавить комментарий