
64
• Әзірлеу кәстрөлін құрылғының жылыту тақтасынан басқа
ешбір жылу көзімен қыздырмаңыз және ешбір басқа кәстрөлді
пайдаланбаңыз. Әзірлеу кәстрөлін басқа құрылғылармен бірге
пайдаланбаңыз.
• Қысым астында болғанда құрылғыны жылжытпаңыз. Ыстық
беттерге тимеңіз. Оны жылжытқанда ұстау тұтқаларын
пайдаланыңыз және қажет болса, қолғап киіңіз. Құрылғыны
көтеру үшін қақпақ тұтқасын пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны өзі арналғаннан басқа мақсатта пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғы зарарсыздандырғыш емес. Оны құтыларды
зарарсыздандыру үшін пайдаланбаңыз.
• Құрылғы тамақты қысым астында әзірлейді. Дұрыс емес
пайдалану будан күйіктер алу қауіптерін тудыруы мүмкін.
• Қысымды қолдану алдында құрылғы тиісті түрде жабылғанын
тексеріңіз (Пайдалану туралы нұсқауларды қараңыз).
• Қрұылғыны бос күйде, кәстрөлсіз немесе кәстрөл ішінде
қақпақсыз пайдаланбаңыз. Бұл құрылғыны қатты зақымдауы
мүмкін.
• Қысым әсерінен қампаюы мүмкін сыртқы тері қабаты бар етті
(мысалы, сиырдың тілін) әзірлеуден кейін қампайған болса,
теріні теспеңіз: күйіп қалуыңыз мүмкін. Оны әзірлеу алдында
тесіңіз.
• Қалың тамақты әзірлегенде (кәдімгі ноқат, рауғаш, т.б.) тамақ
немесе әзірлеу шырындары төгілмеуі үшін ашу алдында
құрылғыны азғантай сілкіңіз.
• Құрылғыны майда тамақ қуыру үшін пайдаланбаңыз. Тек
қызартуға рұқсат етіледі.
• Қызарту режимінде ыстық кәстрөлге тамақты немесе
ингредиенттерді қосқанда шашырау тудыратын күйіктер
қауіптерінен сақтаныңыз.
• Әзірлеу және әзірлеудің соңында буды автоматты шығару
кезінде құрылғы жылу мен бу шығарады. Күйіп қалуды
болдырмау үшін бетті және қолдарды аулақ ұстаңыз. Әзірлеу
кезінде қақпаққа тимеңіз.
Добавить комментарий