
23
Пайдаланушы нұсқаулығы «HAIER» мұздату камерасы бар тоңазытқыш
Күнделікті күтіп ұстау
Тоңазытқыштың алынбалы сөрелерін тазалау
1.
Сөрелердің алдыңғы бөлігін (1) бағытта көтеріңіз.
2.
Сөрені (2) бағытта тартыңыз.
Сөрелерді жұмсақ сүлгімен немесе жылы суға малынған
губкамен сүртіңіз (жұмсақ жуғыш зат қосуға болады), содан кейін
сөрелерді орнына қойыңыз.
Ескерту:
Сөрелерді алып тастағанда, сөрелерді есікке тигізбеу үшін
есіктер мүмкіндігінше ашық екеніне көз жеткізіңіз. Бұл сонымен
қатар оларды мүмкіндігінше ыңғайлы шығаруға көмектеседі.
Тоңазытқыштың сөрелерін реттеу
Сіз сөрелердің биіктігін тағамды сақтау қажеттілігіне қарай
реттеуіңізге болады. Сөренің биіктігін реттеу үшін алдымен алып
тастау керек.
1.
Сөренің алдыңғы жағын көтеріп, еңкейтіңіз, содан кейін
өзіңізге қарай тартыңыз жəне алыңыз.
2. Орнату кезінде сөрені сол жəне оң жақ қапсырмаларға
бекітіп, оны ұстағыштарға қарай тартыңыз, сөренің алдыңғы
жағын төмен түсіріңіз, содан кейін оны орнына салыңыз
Көкөністер мен жемістерге арналған алмалы-салмалы
бөлімшені тазалау
1.
Көкөністер мен жемістерге арналған жəшікті өзіңізге
қарай тартыңыз.
2.
Жоғары көтеріп, алыңыз.
Көкөніс пен жемістерге арналған жəшікті жұмсақ сүлгімен
немесе жылы суға малынған губкамен сүртіңіз (жұмсақ жуғыш
зат қосуға болады), содан кейін жəшікті орнына салыңыз.
Көкөністер мен жемістерге арналған жəшіктің алмалы-
салмалы қақпағын тазалау
1.
Көкөністер мен жемістерге арналған жəшікті шығарғаннан
кейін қақпағын көтеріңіз жəне оны алыңыз.
2.
Қақпағын өзіңізге қарай тартыңыз.
Көкөніс пен жеміс қорабының қақпағы шыны панельден жəне
пластикалық сөреден тұрады, жарақат алмау үшін əйнекпен
абай болыңыз. Қақпақты жұмсақ сүлгімен немесе жылы суға
малынған губкамен сүртіңіз (жұмсақ жуғыш зат қосуға болады),
содан кейін қақпақты орнына қайтарыңыз.
Бапталатын температурасы бар алмалы-салмалы
бөлімшені тазалау
1.
Бапталатын температурасы бар бөлімшенің жəшігін
шығарыңыз.
2.
Оны көтеріп, шешіңіз.
Жəшікті жұмсақ сүлгімен немесе жылы суға малынған губкамен
сүртіңіз (жұмсақ жуғыш зат қосуға болады), содан кейін жəшікті
орнына салыңыз.
Добавить комментарий