
20 Пайдаланушы нұсқаулығы
«HAIER» мұздату камерасы бар тоңазытқыш
Мұздату камерасын дұрыс пайдалану
Поверните проти
крышку,и напол
по часовой стрел
Ручка напол
(расположен
●
Тоңазытқыштың айналасында мүмкіндігінше көп орын қалуы керек, бұл жақсы желдетуді
қамтамасыз етеді. 5-бетті қараңыз.
Егер желдету қиын болса, бұл энергияны тұтынуды арттырады жəне құрылғы энергия тұтыну
класына сəйкес келмей қалады.
●
Есіктерді əрдайым тығыз жабылатындай етіп таза ұстаңыз.
Суға арналған бакті пайдалану
Бұл үлгіде сол жақ есікте суға арналған ыдыс қарастырылған. Сол жерде орналасқан су сорғысы
суды алып, оны түтік жүйесі арқылы жартылай автоматты мұзөндіргіш камерасына жібереді.
Пайдаланушылар су ыдысын төменде сипатталғандай қолмен толтыруы керек:
1.
Тік білікті 90 градусқа бұраңыз. Су ыдысының екі жағындағы түймешіктерді басыңыз.
2.
Түймешіктерді басқаннан кейін, суға арналған бакті түзетіңіз жəне оны ақырын өзіңізге қарай
тартыңыз.
3.
Су ыдысының артындағы қақпақты алыңыз (сағат тіліне қарсы), содан кейін оны тазартылған
сумен толтырыңыз. Қақпақты орнына қайтарыңыз.
4.
Бакті орнына орнату үшін жоғарыда аталған əрекеттерді кері ретпен қайталаңыз.
Суға арналған бак дайындаушы зауытта орнатылады жəне пайдалануға
беріледі. Егер сізге оны тазалау қажет болса, сынудың алдын алу үшін «Суға
арналған бакті тазалау» бөлімімен танысыңыз.
Тек балғын ауыз суды пайдаланыңыз!
Суға арналған бакті тазалау
1.
Артқы, алдыңғы, оң жəне сол жақтағы бекіткіштерді (4 дана) алыңыз.
2.
Суға арналған ыдыстың жоғарғы бөлігін төменгісінен бөліңіз.
3.
Əр бөлімді жуыңыз, құрғатып сүртіңіз. Тазарту үшін жылы су мен жұмсақ жуғыш затты
қолданыңыз.
4.
Бакті орнына орнату үшін жоғарыда аталған əрекеттерді кері ретпен қайталаңыз.
Қақпақты шешу үшін сағат тіліне қарсы бұраңыз
жəне сумен толтырыңыз. Осыдан кейін, сағат тілі
бойынша бұраңыз жəне қақпақты мықтап бұраңыз.
Су ыдысының толтырғыш тұтқасы
(артқы жағында орналасқан)
Абай
болыңыз
Назар
болыңыз
Добавить комментарий