
2Пайдаланушы нұсқаулығы
«HAIER» мұздату камерасы бар тоңазытқыш
Қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық
Құрметті пайдаланушы!
Сізді «Хайер» компаниясының өнімін таңдағаныңыз үшін құттықтаймыз жəне алғыс білдіреміз!
Өтінеміз, аспапты пайдалану жөніндегі осы нұсқаулықпен танысып шығыңыз. Жарақаттану мен
жазатайым жағдайларды болғызбау үшін ескерту символдарының тізімін мұқият оқып шығыңыз,
сондай-ақ осы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз.
Абай
болыңыз Аспапты дұрыс пайдаланбаған жағдайда жарақатқа əкеп соқтыруы мүмкін.
Назар
аударыңыз Дұрыс пайдаланбаған жағдайда аспаптың жəне мүліктің бүлінуіне əкеп
соқтыруы мүмкін.
Оны жасауға тыйым салынған іс-қимыл.
Жасалуы тиіс іс-қимыл.
Электр деректері
1. Қуат көзінің желісі
Аспаптардың осы сериясы 220 — 240 В айнымалы токтың / 50 Гц қуат көзінен жұмыс істейді.
Егер кернеу айырмасының диапазоны 187—242 В көп болса, бұл аспаптың дұрыс жұмыс
істемеуіне жəне зақымдалуына əкеп соқтырады. Мұны болғызбау үшін кернеуді автоматтық
реттегішті минимум 750 Вт-қа қойыңыз.
2. Жерге тұйықтау/Қорғаныш жерге тұйықтау
Арнайы бөлінген сенімді жерге тұйықтау розеткасын пайдаланыңыз. Аспаптың жерге
тұйықтау сымы бар штепсельді ашасы бар. Ешбір жағдайда жерге тұйықтау сымын қимаңыз
жəне алмаңыз.
3. Қуаттау баусымы жəне ашасы
Қуаттау баусымының ашасы розеткаға қатты бекітілуі тиіс, керісінше жағдайда өрт басталуы
мүмкін!
Қуаттау баусымының зақымдалуын болғызбау үшін оны қабырғаға тоңазытқышпен
қыспаңыз жəне үстінен баспаңыз. Құралды қабырғадан бері қарай жылжытқанда, оның
қуаттау баусымының үстінен сырғымағанына көз жеткізіңіз.
Құралды желіден ажыратқанда қуаттау баусымын тартпаңыз. Ашасын мықты ұстап, өзіңізге
қарай тартыңыз. Тазалау, жөндеу немесе тоңазытқыштың жарығын ауыстыру кезінде
электр тогы соқпас үшін, тоңазытқыштың желіден ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Қуаттау
баусымы бүлінген не тозған жағдайда тоңазытқышты пайдаланбаңыз.
4. Жанғыш газдар жылыстаған жағдайда
Егер жанғыш газдың жылыстағаны табылса, ол арқылы жылыстап жатқан клапанды жауып,
есік пен терезелерді ашыңыз, тоңазытқыштың қуаттау кабеліне немесе кез келген басқа
аспабына тиіспеңіз.
Добавить комментарий