
5
Пайдаланушы нұсқаулығы «HAIER» мұздату камерасы бар тоңазытқыш
Осы өнімді пайдалану алдында
10 см (немесе одан көп) үстінен
10 см (немесе одан көп)
артынан
10 см (немесе одан көп)
сол жағынан
реттелетін
аяқ
көтеру түсіру
10 см (немесе одан көп)
оң жағынан
1. Барлық орамасын шешіп алыңыз
Пенопластты жəне жинақтаушылар бекітілген жабысқақ
таспасын да шешіп алу қажет.
2. Жинақтаушылары мен құжаттамасын тексеріңіз
Өтінеміз, қажетті жинақтаушылары мен құжаттамасының
қаптама парағымен сəйкестігін тексеріп алыңыз. Егер бір
нəрсесі жетпесе, жеткізушімен байланысыңыз.
3. Тоңазытқыш келесі шарттар сақталған жерде орнатылуы тиіс:
● Тоңазытқыштың артында кем дегенде 10 см бос орын болуы тиіс.
● Аспап қатты тегіс еденге орнатылуы тиіс. Егер тоңазытқыш дөңеске орнатылса, өртке
қарсы материалдарды пайдалану қажет. Егер тоңазытқыш орнықсыз тұрса, тоңазытқыштың
алдыңғы жағындағы қара аяқтарын реттеңіз:
— Биіктігін ұлғайту үшін сағат тілі бағыты бойынша бұраңыз,
— Биіктігін азайту үшін сағат тілі бағытына қарсы бұраңыз.
Жұмыс істеп тұрған кезде тоңазытқыштың алға қозғалып кетпеуі үшін жəне оның қалпын бекіту үшін,
аяқтары еденге толық тіреліп тұратындай ретке келтіріңіз.
Қаптау пенопластын тоңазытқыштың астына төсеу үшін пайдаланбаңыз.
4. Пайдаланар алдында тазалау
(Тазалау тəсілдері «Тоңазытқышты тазалау» бөлімінде 22-бетте, «Суға арналған бакті тазалау»
бөлімінде 20-бетте жəне «Мұзға арналған астауды тазалау» бөлімінде 21-бетте сипатталған).
5. Бекіту
Орнатып, биіктігін реттеп жəне ішін тазалап болғаннан кейін аспапты бірден қоспаңыз — ол кем
дегенде 5 сағат бойы тұруы керек. Осыдан кейін тоңазытқышты қосып, оның жұмысын бақылаңыз.
6. Үлдірді алу
Тоңазытқышты пайдалану алдында салқындату жүйесінің қалыпты жұмысына бөгет болмас үшін
жəне аспаптың энергия тұтынуын ұлғайтпас үшін бүйіржақ панельдегі мөлдір үлдірін шешіп алу
керек.
Добавить комментарий