
21
Пайдаланушы нұсқаулығы «HAIER» мұздату камерасы бар тоңазытқыш
Мұзөндіргішті тазалау жəне пайдалану
Мұзға арналған астауды тазалау
1.
Басқару панеліндегі мұзөндіргішті өшіріңіз, тұтқаны
ұстап, өзіңізге қарай тартыңыз.
2.
Мұзөндіргішті тоңазытқыштан шығарып, мұзға
арналған астау көрінетін етіп аударыңыз.
3.
Сопақша тоғынды 1-көрсеткі бағытында тартыңыз.
Мұзға арналған астауды жоғары қарай аударып,
оны 2-көрсеткі бағытында тартыңыз.
4.
Астауды тазалағаннан кейін оны орнына қайтарып, мұзөндіргішті қатты басыңыз, мұздату
камерасының тартпасын жауып, басқару панеліндегі мұзөндіргішті қосыңыз.
Мұзөндіргішті пайдалану
Тоңазытқышты орнатқаннан кейін 24 сағат күтіңіз. Осы уақыт ішінде мұздату камерасы
салқындатылады, содан кейін сіз мұз жасай аласыз.
●
Мұзөндіргіш бір уақытта 8 мұз текшесін жасайды. Дегенмен, нақты мөлшері тоңазытқыш
ішіндегі температураға, есіктердің ашылу жиілігіне, су қысымына жəне т. б. байланысты.
●
Мұзөндіргіштің мұз текшелерімен толтырылуын қамтамасыз ету үшін мұзға арналған астауды
мезгіл сайын шығарып, текшелерді біркелкі үлестіру керек.
●
Кейде мұз текшелері бір-біріне қатып қалуы мүмкін (мұны су бүрку мөлшерін азайту арқылы
болдырмауға болады).
●
Мұздатқыштың ішіндегі температура -12°C (немесе одан төмен) жеткенде, мұзөндіргіш
мұз текшелерін жасай бастайды (егер сіз бұл функцияны бірінші рет қолдансаңыз немесе
мұзөндіргішті ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, судың біркелкі таралуы үшін алғашқы бірнеше
текшелерді шығарыңыз).
●
Мұзөндіргіш суды тек сол жақтағы есіктегі су ыдысынан қолдана алады, оны басқа сыртқы су
көзіне қосуға болмайды.
●
Мұзөндіргішті тоңазытқышқа тек уəкілетті сервистік агент орнатуы тиіс.
Егер тоңазытқыш қалыптан тыс дыбыстар шығаратын болса
Сіз қытырлаған дыбыс естуіңіз мүмкін, бірақ бұл мұз текшелерінің түзілуінен болатын қалыпты
дыбыс, сондықтан алаңдауға себеп жоқ.
Егер сізге мұз текшелері жиі қажет болмаса
«Ескі» мұз текшелері «бұлыңғырланады» жəне балғын болуды тоқтатады. Сондықтан мұзға арналған
астауды мезгіл сайын тазалап, жылы сумен жуып отыру керек. Мұзға арналған астауды орнына
қоймас бұрын, оны салқындатыңыз, əйтпесе мұз мұзөндіргіштің металл бөліктеріне жабысып
қалады, бұл мұз текшелерін өндіруге əсер етеді.
Егер мұзөндіргіш ұзақ уақыт пайдаланылмаса
Егер компонент ұзақ уақыт қолданылмаса, мұзөндіргішті жəне қалған мұзды астаудан алып
тастаңыз, мұзға арналған астауды жылы сумен шайыңыз жəне оларды басқа жерге қойыңыз — бұл
мұздату камерасының сыйымдылығын арттырады.
Су ыдысын да алып тастау керек — артық суды алып тастап, бакті жылы сумен шайыңыз.
Добавить комментарий