
15
«HAIER» мұздату камерасы бар тоңазытқыш
Пайдаланушы нұсқаулығы
Тоңазыту бөлімшесін пайдалану
Температурасы бапталатын бөлімшені пайдалану
Тоңазытқышта температурасын қалауыңыз бойынша баптауға болатын бөлімшесі бар. Өнімдерді
сақтауға қойылатын талаптарға сəйкес оларды бөлімшенің əр түрлі тартпаларында орналастыруға
болады: көкөністер мен жемістер, жылдам салқындату, 0° C режимі, теңіз өнімдері.
Кеңес:
Еттің құрамындағы судың əр түрлі болуына байланысты еттің кейбір түрлері біршама төмен
температурада қатып қалады, сондықтан дайын етті «0°C режимі» функциясы бар бапталатын
температурасы бар бөлімшеде сақтау керек.
Бөлімшедегі температураны баптау тəсілі:
Реттегіш сол жақтағы тоңазытқыштың бүйір қабырғасының жоғарғы бөлігінде орналасқан, оның
көмегімен бөлімшенің сол жағындағы температураны реттеуге болады.
Кеңес:
●
Егер тоңазытқыштың сыйымдылығын арттыру қажет болса, бапталатын температурасы бар
бөлімшені алып тастауға болады. Толық сипаттамасы 22-беттегі «Тоңазытқыштың алынбалы
бөліктерін тазарту» бөлімінде келтірілген.
●
Бапталатын температурасы бар бөлімшені алып тастағаннан кейін оны жабыңыз. Толық
сипаттамасы 9-беттегі «Бапталатын температурасы бар бөлімшені баптау жəне өшіру»
бөлімінде берілген.
Егер бұл бөлімше жабылмаған болса, бөлімшенің жəшіктеріндегі температура төмендейді,
бұл өнімдердің қатып қалуына əкелуі мүмкін.
Көкөністер жəне
жемістер
Көкөністер мен жемістерді сақтауға жарамды.
Көкөністер мен жемістерде ылғалды сақтайды.
Жылдам
салқындату
Сусындарды тез салқындату үшін қолайлы.
Сусындарды мұздатпай тез салқындатады
0°С режимі
Ет сақтау үшін жарамды.
Еттің көптеген түрлері 0°C температурада қатып қалмай, балғын
күйінде қалады
Теңіз өнімдері
Теңіз өнімдерін сақтауға жарамды.
Балық, асшаяндар жəне басқа да теңіз өнімдері ұзақ уақыт бойы
сапасы мен дəмін сақтайды.
Добавить комментарий