
3
Пайдаланушы нұсқаулығы «HAIER» мұздату камерасы бар тоңазытқыш
Қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық
Пайдалану
1. Өнімдерді сақтау
Бұл тоңазытқыш үй жағдайларында пайдалануға арналған.
● Бұл аспап тек қана өнімдерді сақтауға арналған жəне қан, дəрі-дəрмек жəне басқа
биологиялық өнімдерді сақтау сияқты басқа мақсаттарда пайдаланбауы тиіс.
● Тоңазытқышта жанғыш жəне жарылғыш заттарды, сондай-ақ күшті агрессиялы
қышқылдарды, сілтілерді жəне басқа да химиялық заттарды сақтауға тыйым салынады.
● Жұмыс істеп тұрғанда мұздату камерасының ішкі беттеріне, əсіресе сулы қолдарыңызбен
тиіспеңіз, себебі қолдарыңыз бетіне жабысып қалуы мүмкін.
● Тоңазытқышты ашу жəне жабу үшін тұтқасын пайдаланыңыз. Тоңазытқыштың есіктері
мен корпусының арасында азғантай саңылау бар, қолыңыз қысылып қалмас үшін осы
аймаққа қол тигізбеңіз.
● Тоңазытқышты ашқан кезде балаларды оған жақындатпаңыз, қолдары қысылып қалуы
мүмкін.
● Бұл аспапты 8 жастан бастап балалар, сондай-ақ физикалық, сенсорлық жəне менталды
мүмкіншіліктері шектеулі немесе тəжірибесі жеткіліксіз адамдар жауапты адамның
бақылауымен жəне басшылығымен пайдалана алады. Балалар тоңазытқышпен ойнамауы
тиіс. Тоңазытқышты тазалау жəне қызмет көрсету ересектердің қарауынсыз жасалмауы
тиіс.
2. Тоңазытқышты орнату
Аспап жылу көздерінен алыс жерде орнатылуы тиіс жəне тура түсетін күн сəулесінің əсеріне
түспеуі керек, бұл оның жұмысына əсер етуі мүмкін. Аспап жақсы желдетілетін жайда
орнатылуы тиіс, ал оның қабырғаларының айналасында кемінде 10 см бос кеңістік болуы
тиіс.
● Тоңазытқышты ылғалды жайға немесе су шашыратылуы мүмкін жерлерге қоймаңыз.
Аспапқа тиген суды немесе кірді тот пайда болмау үшін жəне тоңазытқыштың электр
компоненттеріне əсері тимес үшін жұмсақ шүберекпен сүрту керек.
● Қауіпсіздікті сақтау үшін розетканы, реттелмелі қуат көздерін, қысқатолқынды пештерді
немесе басқа да аспаптарды тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.
● Электрмагнитті кедергілерді жəне басқа да зақымдауларды болғызбау үшін электр
аспаптарын (өндірушімен ұсынылған үлгілерден басқа) тоңазыту немесе мұздату
камерасының ішінде пайдаланбаңыз.
● Орнықсыз заттарды (ауыр заттарды, ішіне су толтырылған контейнерлерді)
тоңазытқыштың үстіңгі қақпағына қоймаңыз, себебі олар құлаған не төгілген жағдайда ол
жарақатқа əкеп соқтыруы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
1. Тазалау
Тоңазытқышқа су шашыратпаңыз. Сонымен қатар, тот пайда болмас үшін ылғалды
жайларда немесе су шашырауы мүмкін жерлерде аспапты қоймаңыз, бұл оның желдеткіш
қасиеттеріне əсер етуі мүмкін.
● Электр қуатынан ажыратылған жағдайда немесе аспапты тазалаудың алдында ашасын
желіден ажыратыңыз, кем дегенде 5 минуттан кейін қайта қосыңыз. Бұл компрессордың
сынуын болғызбауға көмектеседі.
Добавить комментарий