
22
V. АСПАП КҮТІМІ
Аспапты тазарту алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғандығына және толық
салқындағанына көз жеткізіңіз. Әр пайдаланғаннан кейін қалып пен аспаптың ішкі беттерін
мұқият тазартыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап корпусын және электрлік қоректену сымын суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз. Нан пісіргіш және оның бөлшектері ыдыс жуу машинасында
жууға жарамсыз.
1.
Қақпақты ашып, пісіруге арналған қалыпты шығарыңыз, ол үшін оны тұтқасынан аздап
сағат тіліне қарсы бұрап, жоғары тарту керек.
2.
Араластыруға арналған қалақты шешіңіз. Егер қалақ біліктен шешілмесе, пісіруге
арналған қалыпқа жылы су құйып, біршама уақытқа қалдырыңыз. Бұл жабысып қалған
қамырды жібітіп, қалақ жеңіл алынады.
3. Өлшеуіш ыдысты, өлшеуіш қасықты, пісіруге арналған қалыпты және қалақты жұмсақ
жуу құралын қолданумен ыстық суда жуыңыз. Егер араластыруға арналған қалақтың
ішкі бөлігі ластанған болса, оны біршама уақытқа ыстық суға салып, кейін ақырындап
тазартыңыз.
4.
Бұйымның ішкі беті мен корпусын жұмсақ дымқыл асханалық майлықпен немесе
ысқышпен сүртіңіз. Нәзік тазартқыш құралды пайдалануға болады. Корпуста су
ақпалары мен сызаттардың алдын алу үшін оны құрғақ қылып сүртуді ұсынамыз. Жуу
құралын ысқышпен немесе шүберекпен толықтай сүртіңіз, әйтпесе кейін ол пісірме
дәміне әсер етуі мүмкін.
Аспапты тазалау кезінде тағаммен байланысқа түсетін заттарды қолдану үшін
ұсынылмаған қырғыш құралдарды, химиялық агрессивті немесе өзге заттарды
қолданбаңыз.
Нан пісіргішті қайта пайдаланар алдында немесе оны сақтауға жинар алдында барлық
бөлшектердің құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
Пісіруге арналған қалыпты пайдалану
Пісіруге арналған қалыпқа және қалақшаға дақтардың пайда болуының алдын алатын
және нанның алынуын жеңілдететін күюге қарсы жабын жағылған. Беттің зақымдануының
алдын алу үшін төменде келтірілген нұсқаулықтарды сақтаңыз.
1. Нанды ыдыстан алған кезде металл немесе өткір аспаптарды (мысалы, пышақ немесе
айыр) пайдаланбаңыз.
2.
Нан бөлкесін кесу алдында оның ішінде араластыруға арналған қалақтың жоқ
екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қалақ іште болса, нан салқындағанша күтіп, қалақты
арнайы ілмекпен шығарыңыз. Араластыруға арналған қалақпен абай болыңыз, себебі
ол ыстық болуы мүмкін.
3.
Пісіруге арналған қалыпты және қалақты тазартқан кезде жұмсақ ысқышты
пайдаланыңыз. Қандай да бір абразивті заттарды (мысалы, тазартқыш ұнтақ) немесе
қатты ысқыштар пайдаланбаңыз.
4.
Қатты, ірі дәнді немесе ірі ингредиенттер (мысалы, иленбеген ұн, қант, жаңғақтар
немесе дәндер) әзірлеуге арналған ыдыстың күюге қарсы жабынын зақымдауы мүмкін.
Ингредиенттердің көп мөлшерін пайдаланған кезде оларды шағын бөліктерге бөліңіз.
Рецептілерде көрсетілген, ұсынылған көлемдерді және әрекет ету тәртібін сақтаңыз.
Қалыпты жүйелі пайдаланған кезде оның ішкі күюге қарсы жабынының түсі толықтай
немесе ішінара өзгеруі мүмкін. Бұл іс жүзінде қалып ақаулығының белгісі болып
табылмайды.
Аспаптың қақпағын ашу және орнату
Қақпақты, оның шығыңқысы корпустағы ойықта көрініп тұруы үшін, 45°-қа ашыңыз.
Қақпақты өзіңізге қарай және оңға тартып, оны ажыратыңыз (
A1
сызбаны қараңыз, 4 бет).
Қақпақты орнына орнату үшін, оны 45°-қа бұрыштап ұстап тұрып, қақпақтың шығыңқыларын
корпустағы ойықтарға салыңыз (алдымен оңды, содан кейін солды). Күш салмай қақпақтың
жабылғандығына көз жеткізіңіз.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың
бүтіндігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
V I. ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
ӘДІСТЕРІ
Ақаулық Ықтимал себептер Жою әдісі
Аспап қосылмайды
Электрлік қоректену сымы
розеткаға жалғанбаған Электрлік сымның розеткаға қосылғандығына көз жеткізіңіз
Электрлік розетка ақаулы Аспапты жарамды розеткаға қосыңыз
Электр желісінде тоқ жоқ Электр желісінде кернеудің бар екендігін тексеріңіз. Егер ол жоқ
болса, сіздің үйге қызмет көрсететін ұйымға жүгініңіз
Аспап қосылды, бі-
рақ араластыру
жүрмейді
Сіз қамырды араластыруға
арналған қалақты орна-
тпадыңыз
Пісіруге арналған қалыпты тазартып, қалақты қалып түбіне орна-
тып, үрдісті қайтадан басыңыз
Дисплейде «ННН»
хабарламасы пайда
болды
Нан пісіргіш ішінде өте
жоғары температура
Аспапты электр желісінен сөндіріңіз. Аспап қақпағын ашып, іште-
гі температура бөлме температурасына дейін төмендегенше
күтіңіз. Нан пісіргішті қосып, бағдарламаны қайтадан іске қосыңыз.
Дисплейде «LLL»
хабарламасы пайда
болды
Нан пісіргіш ішінде өте
төмен температура
Аспапты электр желісінен сөндіріңіз және оны температурасы
15°С төмен болмайтын бөлмеге апарыңыз.
Аспап қақпағын ашып, іштегі температура бөлме температурасы-
на дейін көтерілгенше күтіңіз. Нан пісіргішті қосып, бағдарламаны
қайтадан іске қосыңыз.
Добавить комментарий