
18
Өлшеуіш стақан ..................................................................................................................................1 дана
Өлшеуіш қасық ...................................................................................................................................1 дана
Қамыр араластыруға арналған қалақша ...................................................................................2 дана
Араластыруға арналған қалақты шығаруға арналған ілмек ..............................................1 дана
Рецепт кітабы ......................................................................................................................................1 дана
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық ..................................................................................................1 дана
Сервистік кітапша ..............................................................................................................................1 дана
Өндіруші келесі өзгерістер туралы қосымша хабарландырусыз өз өнімдерін жетілдіру
барысында дизайнға, жинақталуға, сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттамаларына
өзгерістер енгізуге құқылы. Техникалық сипаттамаларда ±10% қателікке жол беріледі.
Нан пісіргіш құрылымы (A1 сурет, 4 бет)
1. Қарау терезесі бар алмалы қақпақ
2. Пісіруге арналған қалып
3. Қыздырғыш камера
4. Тасымалдауға арналған тұтқа
5. Желдеткіш саңылау
6. Пісіруге арналған қалып тұтқасы
7. Басқару тақтасы
8. Аспап корпусы
9. Электр қоректендіру бауы
10.
Қамыр араластыруға арналған қалақша
11. Өлшеуіш стақан
12. Өлшеуіш қасық
13.
Араластыруға арналған қалақты
шығаруға арналған ілмек
Басқару тақтасы (A2 сурет, 5 бет)
1.
«Меню» батырмасы («Мәзір» батырмасы) — автоматты әзірлеу бағдарламасын таңдау.
Таңдалған бағдарлама нөмірі дисплейде көрсетіледі
2. «Вес» батырмасы («Салмақ» батырмасы) — дайын өнім салмағын таңдау. Тағайындалу
бойынша салмақ — 750 г
3. « » батырмасы — кейінге қалдырылған старт уақытын / әзірлеу уақытын арттыру
4. « » батырмасы — кейінге қалдырылған старт уақытын / әзірлеу уақытын азайту
5.
«Корочка» батырмасы (Қабықша» батырмасы) — өнім қабықшасының түсін таңдау
батырмасы («Светлая» («Ашық»), «Средняя» («Орташа»), «Темная» («Күңгірт»)).
Тағайындалу бойынша «Средняя» параметрі таңдалған
6.
«Старт/Стоп» батырмасы («Старт/Тоқта» батырмасы) — әзірлеу бағдарламасын іске
қосу / әзірлеу бағдарламасын уақытша тоқтату / әзірлеу бағдарламасын тоқтату және
күту тәртібіне оралу
7. Дисплей
Дисплей құрылымы (A3 сурет, 5 бет)
1. Әзірлеу бағдарламасының реттік нөмірі
2. Әзірлеу уақытының / стартты кейінге қалдыру уақытының шамалық индикаторы
3. Таңдалған қабықша түсінің индикаторы
4. Пісірме салмағының индикаторы
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның жинақтаушыларын қораптан мұқият шығарыңыз. Барлық орам
материалдары мен жарнамалық жапсырмаларды жойыңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Бұйым корпусын сулы шүберекпен сүртіп, кептіріңіз. Аспапты алғаш пайдаланған кезде
бөгде иістің пайда болуының алдын алу үшін оны тазалаңыз («АСПАП КҮТІМІ» қар.).
Қолданар алдында құрылғының ішкі және сыртқы бөліктерінде жарықтар мен басқа
ақаулардың, зақымдардың жоқтығына көз жеткізіңіз. Аспапты жылу көздерінен, аспапқа
су, ыстық май мен басқа кірдің түсуі ықтимал жерлерден алыста, қатты тегіс көледенең
бетке орнатыңыз. Орнату барысында оның қасында жоғары температурадан зардап шегуі
мүмкін декоративті жабындылар, электрондық аспаптар мен басқа заттардың болмағанын
қадағалаңыз. Нан пешті үстелдің шетіне жақын, сонымен қатар қабырғалар мен басқа
аспаптарға тығыз қоймаңыз. Аспалы жиһаздың астына орналастырған кезде қақпақты ашу
үшін орын жететіндігіне көз жеткізіңіз.
Алғаш қосқан кезде дайын өнімді консервілеу барысында пайдаланылған техникалық
майлардың жануынан шыққан соған тән иіс немесе жеңіл түтіннің пайда болуы мүмкін.
Бұл зауыт ақауы болып табылмайды.
I I. НАН ПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Қуаттан тәуелсіз жады
РЕДМОНД RВМ-1908 нан пісіргіші қуаттан тәуелсіз жадымен қамтылған. Әзірлеу бағдар-
ламасының жұмысы барысында электр қуаты сөндірілген жағдайда баптаулар аспап
жадысында 40 минут бойы сақталады. Электрлік қоректенуді жандандырған кезде
бағдарламаның орындалуы автоматты жалғастырылады.
Қоректену 40 минуттан астам болмаған жағдайда баптаулар өшіріледі. Баптаулар өшірілген
жағдайда электр желісіне қайта қосылған жағдайда аспап күту тәртібіне ауысады.
Егер рецептіде сүтті, етті немесе басқа жылдам бұзылатын өнімдер пайдаланылса, аспапты
электр желісінен сөндіріп, салқындағанша күтіңіз. Пісіруге арналған қалыпты шығарыңыз,
оны тазартыңыз және, жаңа ингредиенттер қолданып, рецептіге сәйкес қайтадан әзірлеуді
бастаңыз. Тазартқан кезде «Аспап күтімі» бөлімінің нұсқаулықтарын қатаң сақтаңыз.
Егер қолданылатын ингредиенттер жылдам бұзылатын болмаса, әзірлеу бағдарламасын
қайтадан іске қосуға болады (егер пісірі үрдісі басталмаса) немесе өнімдерді ауыстырусыз
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы арқылы өнімдерді дайын болғанша жеткізуге болады. Қарау
терезесі арқылы өнім дайындығын қадағалаңыз, қажет кезде бағдарламаның орындалуын
тоқтатыңыз.
Бағдарламаны қайта іске қосқан кезде әзірленген нан сапасы қалаулы нәтижеге сәйкес
келмеуі мүмкін екендігін ескеру керек.
Добавить комментарий