
19
RBM-1908 RUS
KAZ
KAZ
Әзірлеу уақытын орнату
РЕДМОНД RВМ-1908 нан пісіргішінде «ДЕСЕРТЫ», «МОЛОЧНАЯ КАША», «СУП», «ТУШЕНИЕ»,
«ЙОГУРТ», «ДЖЕМ» және «ВЫПЕЧКА» бағдарламалары үшін әзірлеу уақытын өздігінен
орнатуға болады. Бағдарлама таңдағаннан кейін әзірлеу уақытын өзгерту үшін және
батырмаларын басыңыз. Әзірлеу уақытының өзгеріс қадамы және ықтимал диапазоны
таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті
батырманы басып, ұстап тұрыңыз. Максималды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен
кейін уақыттың орнатылуы диапазон басынан (соңынан) басталады.
Бағдарлама стартын кейінге қалдыру
Стартты кейінге қалдыру функциясы нан пісіруге қажетті (бағдарлама жұмысының уақытын
ескерумен) уақыт аралығын белгілеуге мүмкіндік береді. Уақытты 10 минуттық орнату
қадамымен 10 минуттан 15 сағатқа дейінгі диапазонда орнатуға болады.
Стартты кейінге қалдыру функциясы «ДЕСЕРТ», «МОЛОЧНАЯ КАША», «СУП», «ТУШЕНИЕ»,
«ЙОГУРТ», «ДЖЕМ» және «ВЫПЕЧКА» бағдарламаларында қол жетімсіз.
Бағдарлама таңдағаннан кейін стартты кейінге қалдыру уақытын өзгерту үшін және
батырмаларын басыңыз. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап
тұрыңыз. Максималды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен кейін уақыттың орнатылуы
диапазон басынан (соңынан) басталады.
Назар аударыңыз, стартты кейінге қалдыру уақытын орнатқан кезде әзірлеу уақытын
орнату кезіндегі батырмалар қолданылады. Алайда стартты кейінге қалдыру уақытын
орнату кезінде уақыт шамасының индикаторы дисплейде жыпылықтамайды.
Егер рецептіде жылдам бұзылатын өнімдер (жұмыртқа, балғын сүт, ет, ірімшік және
т. б.) болса, «Отсрочка старта» функциясын пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағамдақ температурасын сақтау (автожылыту)
«Автожылыту» функциясы бағдарлама жұмысы аяқталғаннан кейін автоматты түрде
қосылады және дайын тағам температурасын 1 сағатқа дейін сақтай алады.
Автожылыту ылғалдың сіңірілуінің алдын алады және өнімдерді біршама уақыт ішінде
жұмсақ күйінде сақтауға көмектеседі.
Қажет кезде автожылытуды «Старт/Стоп» батырмасын басу және бірнеше секунд ұстап тұру
арқылы сөндіруге болады.
Автожылыту функциясы «МОЛОЧНАЯ КАША», «БЕЗДРОЖЖЕВОЕ ТЕСТНО», «СУП»,
«ТУШЕНИЕ», «ЙОГУРТ», «ДЖЕМ» және «ВЫПЕЧКА» бағдарламаларында қол жетімсіз.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланған кездегі әрекеттердің жалпы тәртібі
1.
Қамырды араластыруға арналған қалақшаны пісірмеге арналған қалыптағы өзекке
орнатыңыз. Қосылыстың берік екендігіне көз жеткізіңіз. Әзірлеуге арналған ыдысты
және қалақты маймен майлаңыз.
2.
Таңдалған рецептіге сәйкес қажетті ингредиенттерді өлшеп, оларды тостағанға салыңыз.
Нан пісірген кезде және қамырды дайындаған кезде: рецептіге сәйкес негізгі және
қосымша ингредиентерді (ірімшік, сүрсүбе, жемістер, жаңғақтар, мейіз және т. б.)
дайындаңыз. Егер рецептіде басқаша көрсетілмесе, барлық ингредиенттер бөлме
температурасында (25-35°С) болу керек. Негізгі ингредиенттерді нан пісіруге арналған
қалыпқа рецептіде көрсетілген реттілікте салыңыз.
3.
Нан пісіруге арналған қалыпты абайлап нан пісіргіштің қыздырғыш камерасына
енгізіңіз, осы кезде оны аздап сағат тіліне қарсы бұрау керек. Қалып жетекті білікпен
түзу, қиғаштықсыз жалғасу керек. Қалыпты тірелгенше сағат тілі бойынша бұрап, оны
бекітіңіз. Қарау терезесі бар қақпақты жабыңыз.
Алдымен қалыпта сұйық ингредиенттерді (су, сүт) және/немесе жұмыртқаларды
араластырыңыз. Су бөлме температурасында болу керек, себебі жоғары температура
қамырдың көтерілуіне жағымсыз әсер етеді. Стартты кейінге қалдыру тәртібін
пайдаланған кезде тек құрғақ сүтті пайдаланыңыз, өзге жағдайда сүт әзірлеу
басталғанша ұйып кетуі мүмкін.
Ашытқыны немесе қопсытқышты соңғы кезек қосыңыз. Бұл компоненттер
сұйықтықтармен жанаспау керек, әйтпесе ашу үрдісі тым ерте басаталады: нәтижесінде
қатты, қатаң және қатқыл нан дайындалады. Ашытқы тұзбен жанаспау керек. Ұн
үйіндісінде ойық жасап, сонда ашытқыны немесе қопсытқышты салу ұсынылады.
4.
Нан пісіргішті электр желісіне қосыңыз. Аспап дыбыстық белгі береді және күту тәртібіне
ауысады: дисплейде бағдарлама нөмірі (тағайындалу бойынша — 1) және оның жұмыс
уақыты пайда болады.
5.
«Мәзір» батырмасы көмегімен әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз, оның нөмірі дисплейде
пайда болады.
6.
Қажет кезде әзірлеу уақытын өзгертіңіз немесе стартты кейінге қалдыру уақытын
орнатыңыз.
Әзірлеу уақытын қолмен реттеу мүмкіндігі бар бағдарламаны пайдаланған жағдайда уақыт
шамасын орнатқаннан кейін «Старт/Стоп» батырмасын алғаш басу енгізілген шамалардың
расталуына алып келеді. «Старт/Стоп» батырмасын қайта басу бағдарламаны іске қосады.
7.
«Салмақ» батырмасы көмегімен дайын пісірме салмағының шамасын орнатыңыз.
Рецептілер кітабындағы нұсқауларға және тостағандағын ингредиенттер мөлшеріне
сүйеніңіз. Пісірме салмағының индикаторы дисплейдің жоғарғы бөлігінде орналасады.
Өнім салмағын таңдау мүмкіндігі барлық бағдарламаларда қарастырылмаған.
8. Өнім қабықшасының қалаулы реңкін (ашық, орташа, күңгірт) таңдау үшін «Корочка»
батырмасын басыңыз. қабықша түсінің индикаторы дисплейдің жоғарғы бөлігінде
орналасады. Тағайындалу бойынша «Средняя» шамасын орнатылған. Қабықша түсін
таңдау мүмкіндігі барлық бағдарламаларда қарастырылмаған.
9.
«Старт/Тоқта» батырмасын басыңыз. Таймер әзірлеу уақытының кері санағын бастайды.
10.
Араластырудың алғашқы 5 минуты ішінде қамырдың сыртқы түрін бақылау керек.
Одандөңгелек тегіс түйір түзілу керек. Егер түйір түзілмесе, ингредиенттер дұрыс
араласпаған.
Добавить комментарий