
20
Бағдарламаның орындалуын баптауларды өзгертусіз уақытша тоқтату үшін «Старт/
Стоп» батырмасын басыңыз. Дисплейде уақыт шамасы жыпылықтай бастайды.
Бағдарлама жұмысын жалғастыру үшін «Старт/Тоқта» батырмасын қайта басыңыз
Нан пісіргіш қақпағын тек араластыру кезінде (жұмыс жасап жатқан мотор дыбысы
естіледі) ашуға болады. Қамыр көтерілген немесе пісірілген кезде қақпақты ашу дайын
өнім сапасының төмендеуіне алып келеді.
Әзірлеу аяқталғаннан кейін нанды шығарып алмаңыз және кеспеңіз. Оны нан пісіретін
пештің автожылытуы қосулы күйінде 1 сағатқа қалдыруға кеңес беріледі. Одан кейін дайын
өнімді аспаптан шығарып алып, толығымен суығанша бетін сүлгімен жауып қою керек.
11.
Әзірлеу бағдарламасының аяқталуы туралы сізге дыбыстық белгі хабар береді. Осыдан
кейін, таңдалған бағдарламаға сәйкес, аспап автоматты түрде автожылыту тәртібіне
немесе күту тәртібіне ауысады.
12.
Бағдарлама жұмысын немесе автожылыту тәртібін тоқтату үшін «Старт/Стоп»
батырмасын басып, ұстап тұрыңыз.
13. Әзірлеу аяқталғаннан кейін нан пісіргішті электр желісінен ажыратыңыз.
Дайын нанды шығару
1.
Аспап қақпағын ашыңыз. Асханалық қолғапты пайдаланып, нан пісіруге арналған қалыпты
қолға алыңыз және оны сағат тіліне қарсы бұраңыз, кейін қыздырғыш камерадан шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есте сақтаңыз, әзірлеу үрдісі аяқталғаннан кейін нан, қалып және
қыздырғыш камера өте ыстық! Абай болыңыз, күйік шалудың алдын алу үшін асханалық
қолғапты пайдаланыңыз! Нан салынған ыстық қалыпты дастарханға, пластикті неме-
се тұтануы немесе балқуы мүмкін басқа термосезімтал беттерге қоймаңыз!
2.
Пісіруге арналған қалыпты аударып, дайын нанды қалыптан шығарыңыз, оны торламаға
немесе тағамға қойыңыз. Нан салқындағанша 20 минут күтіңіз
3.
Пісіруге арналған қалып және аспап салқындағаннан кейін оларды «Уход за прибором»
бөліміне сәйкес тазартыңыз.
Нан пісіргіш құрылымы пісірменің тостағаннан шығарғаннан кейін араластыруға
арналған қалақтың қалып ішінде білікте қалуы керектігін қарастырады. Егер бұл орын
алмаса және ол нанда қалып қойса, бұл ақаулық болып табылмайды. Қалақты жинаққа
кіретін арнайы ілмек көмегімен алып тастаңыз.
III. АВТОМАТТЫ ӘЗІРЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ
ТАҒАЙЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. «КЛАССИЧЕСКИЙ ХЛЕБ» («КЛАССИКАЛЫҚ НАН») бағдарламасы
Классикалық ақ нанды пісіру үшін қолданылады. Бағдарлама қамырды араластыруды,
көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады.
Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
2. «ФРАНЦУЗСКИЙ ХЛЕБ» («ФРАНЦУЗ НАН») бағдарламасы
Қытырлақ қабықшалы жеңіл француздық нанды пісіру үшін қолданылады. Қамырдың ұзақ
уақыт араластырылуын және көтерілуін қамтиды. Бағдарлама қамырды араластыруды,
көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады.
Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
Француздық нан жылдам қатқылданады, сондықтан оны бір күннен астам сақтамаған
жөн.
3. «СДОБА» («МАЙҒА ИЛЕНГЕН ҚАМЫР») бағдарламасы
Тоқаш пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырды араластыруды, көтеруді және нан
пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады. Уақытты қолмен
реттеу функциясы жоқ.
4. «РЖАНОЙ ХЛЕБ» («ҚАРА БИДАЙ НАНЫ») бағдарламасы
Қара бидай ұнынан нан пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырды араластыруды,
көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады.
Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
5. «ЭКСПРЕСС» («ЭКСПРЕСС») бағдарламасы
Ақ нанды жылдам пісіру үшін ұсынылады. Ақ нанға арналған қамырға қосымша 750 г
пісірме салмағына шаққанда 1/3 шай қасық ашытқы қосыңыз. Бағдарлама қамырды
қыздырумен араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және
қабықша түсін таңдауға болады. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
6. «КЕКС» («КЕКС») бағдарламасы
Әр түрлі толтырғыштар салынған кекстер пісіру үшін қолданылады. Бағдарлама қамырды
жылдам араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша ингредиенттерді
қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабарлайды. Өнім қабықшасының түсін таңдауға
болады. Өнім салмағын таңдау, сонымен қатар стартты кейінге қалдыру функциясы қол
жетімсіз. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
7. «ДЕСЕРТЫ» («ДЕСЕРТТЕР») бағдарламасы
Әр түрлі десерттер пісіру үшін ұсынылады. 5 минуттық орнату қадамымен 20 минуттан
бастап 2 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын реттеуге болады. Әзірлеу уақытын
қолмен реттеу қол жетімді.
8. «БОРОДИНСКИЙ ХЛЕБ» («БОРОДИНДІК НАН») бағдарламасы
Бородиндік нан пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырды араластыруды, көтеруді және
нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады. Уақытты қолмен
реттеу функциясы жоқ.
9. «ЦЕЛЬНОЗЕРНОВОЙ ХЛЕБ» («ТҰТАС ДӘНДІ НАН») бағдарламасы
Осы нан үшін қолданылатын ұн ауырлау болғандықтан, бағдарлама қамырды араластыру
алдында 5 минут ішінде ингредиенттерді алдын ала жылытады және қамырды ұзақ уақытқа
Добавить комментарий