
kk
52
Жарықтандыру
(жарық диоды)
Құрылғыңыз техникалық қызмет
көрсетуді қажет етпейтін жарық диодты
жарықтандыру жүйесімен
жабдықталған.
Осы жарықтандыру жүйесіндегі жөндеу
жұмыстарын тек қызмет көрсету
орталығына немесе өкілетті
мамандарға өткізуге рұқсат етіледі.
Қуат үнемдеу
■Құрылғыны құрғақ, ауа алмасатын
бөлмеге қойыңыз. Құрылғыны күн
сəулелерінің астына немесе жылу
көзінің (мысалы, радиатор, пеш)
жанына қоюға болмайды.
Қажет болса, оқшаулағыш тақтаны
қолданыңыз.
■Жылы ас өнімдері мен сусындарды
құрылғыға салмас бұрын суытыңыз.
■Мұздатылған өнімдерді еріту үшін
тоңазытқыш камераға қойып,
мұздатылған өнімдердің суығын ас
өнімдерін тоңазыту үшін
пайдаланыңыз.
■Құрылғыны барынша қысқа уақытқа
ашыңыз.
■Ең төмен тұтынылатын қуат
дəрежесіне қол жеткізу үшін: бүйірлік
қабырғадан аз аралықты сақтаңыз.
■Жабдық бөлшектерінің орналасуы
құрылғының тұтынылатын қуатына
еш əсер етпейді.
Қызметтік шуылдар
Қалыпты шуылдар
Ескерту
Айрықша мұздату функциясы қосылып
тұрса, жұмыс шуылдары көбеюі мүмкін.
Зуылдау
Қозғалтқыштар жұмыс істеп тұр
(мысалы, тоңазытқыш қондырғы,
желдеткіш).
Бұрқылдау, гуілдеу немесе қайнау
шуылдары
Хладагент құбырлар арқылы ағып
жатыр.
Шерту
Қозғалтқыш, ажыратқыш немесе
магниттік клапан қосылуда/өшірілуде.
Шытырлау
Автоматты түрде еріту орындалуда.
Шуылдардың алдын алу
Құрылғы тегіс тұрған жоқ
Құрылғыны ватерпастың көмегімен
туралаңыз. Ол үшін бұрандалы
аяқтарды пайдаланыңыз немесе астына
бірдеңе қойыңыз.
Құрылғы жанасып тұр
Құрылғыны жанасып тұрған жиһаздан
немесе құрылғылардан ары
жылжытыңыз.
Контейнерлер немесе түпқоймалар
теңселіп немесе қысылып тұр
Шығарып алынатын бөлшектерді
тексеріп, қажетінше орнына қойыңыз.
Бөтелкелер немесе ыдыстар бір-
біріне тиіп тұр
Бөтелкелерді немесе ыдыстарды бір-
бірінен ары қойыңыз.
Добавить комментарий