
kk
37
Бөлме
температурасын жəне
ауа алмасуды ескеру
Бөлме температурасы
Құрылғы белгілі бір климат класы үшін
жобаланған. Климат класына
байланысты құрылғыны төмендегі
бөлме температурасында пайдалануға
болады.
Климат класы фирмалық тақтайшада
көрсетілген, сурет .
Ескерту
Құрылғы белгіленген климат класының
бөлме температурасының аясында
жұмыс істеуге толықтай қабілетті. Егер
SN климат класына жататын құрылғы
төменірек бөлме температураларында
пайдаланылса, құрылғы +5°C
шамасындағы температураға дейін
зақымдалмай жұмыс істейді.
Желдету
Сурет 2
Құрылғының артқы мен бүйірлік
қабырғаларындағы ауа қызып кетеді.
Қызған ауаның кедергісіз шығу
мүмкіндігі болуы керек. Кері жағдайда
тоңазытқыш көбірек күш жұмсауы тиіс.
Бұл тұтынылатын токты арттырады.
Сондықтан: еш жағдайда желдеткіш
саңылауларды жаппаңыз немесе оларға
бөгет келтірмеңіз!
Құрылғыны жалғау
Құрылғыны орнатқаннан кейін, ол іске
қосылғанша, кемінде 1 сағат күтіңіз.
Тасымалдау барысында тығыздауышта
болған май тоңазыту жүйесіне құйылып
кетуі мүмкін.
Алғаш рет қолданысқа енгізу алдында
құрылғының ішін тазалаңыз
(«Құрылғыны тазалау» бөлімін
қараңыз).
Электр желісіне қосылым
Розетка құрылғының жанында жəне оны
орнатқаннан кейін де еркін қолжетімді
болуы керек.
:Ескерту
Ток соғу қаупі бар!
Егер желілік жалғағыш сымның
ұзындығы жеткілікті болса, еш жағдайда
көп ұялы розетканы немесе ұзартқыш
кабельді пайдаланбаңыз. Оның орнына
қызмет көрсету орталығына
хабарласып, баламалар туралы
сұраңыз.
Климат
класы
Рұқсат етілген бөлме
температурасы
SN +10°C жəне 32°C
аралығында
N+16°C жəне 32°C
аралығында
ST +16°C жəне 38°C
аралығында
T+16°C жəне 43°C
аралығында
Добавить комментарий