
kk
46
Мұздату жəне сақтау
Жылдам мұздатылған
өнімдерді сатып алу
■Орауыш бүтін болуы керек.
■Жарамдылық мерзімін ескеріңіз.
■Дүкеннің сөресіндегі температура -
18°C немесе одан төмен болуы
керек.
■Жылдам мұздатылған өнімдерді
мүмкіндігінше жылу өткізбейтін
сөмкеде тасымалдаңыз жəне тез
арада мұздатқыш камераға салыңыз.
Орналастыру кезінде назар
аударыңыз
■Ас өнімдерінің үлкен мөлшерін ең
жоғарғы бөлімде мұздатқан жөн. Сол
жерде олар айрықша жылдам жəне
ұқыпты мұздатылады.
■Ас өнімдерін бөлімдерге немесе
мұздатылған өнімдерге арналған
контейнерлерге іріктеп салыңыз.
Ескерту
Əлдеқашан мұздатылған ас өнімдері
жаңа мұздатылған ас өнімдерімен
жанаспауы керек. Қажет болса,
мұздатылған ас өнімдерін
мұздатылған өнімдерге арналған
басқа контейнерлерге салыңыз.
Мұздатылған өнімдерді
сақтау
Ауаның кедергісіз айналымын
қамтамасыз ету үшін мұздатылған
өнімдерге арналған контейнерді
тірелгенше ішке кіргізіңіз.
Балғын ас өнімдерін
мұздату
Мұздату үшін тек балғын əрі
бұзылмаған ас өнімдерін
пайдаланыңыз.
Ж??ымдылы?ты, хош иісті жəне т?сті
барынша са?тау ?шін к?к?ністерді
м?здату алдында булау керек.
Жертатақты, қызыл бұрышты, цукини
мен қояншөпті булау қажет емес.
Мұздату жəне булау туралы
мəліметтерді кітап дүкендерінен таба
аласыз.
Ескерту
Мұздатылатын ас өнімдері əлдеқашан
мұздатылған өнімдермен жанаспауы
тиіс.
■Мұздатуға жарамды өнімдер:
нан, балық жəне теңіз өнімдері, ет,
жабайы құс, үй құсы, көкөністер,
жеміс, көкөніс, қабығы жоқ жұмыртқа,
ірімшік, май жəне сүзбе сияқты сүт
өнімдері, сорпа, айнтопф,
бұқтырылған ет пен балық сияқты
дайын тағамдар мен тағам қалдығы,
картоп тағамдары, пісірме жəне
десерт.
■Мұздатуға жарамсыз өнімдер:
шикі түрде тағам болатын көкөністер,
мысалы, жапырақ салат немесе
шалғам, қабығы бар жұмыртқа, жүзім,
алма, алмұрт жəне тəтті өрік, қатып
пісірілген жұмыртқа, йогурт, ұйыған
сүт, қаймақ, крем-фреш жəне
майонез.
Добавить комментарий