
kk
49
Мұздатылған өнімдердің сапасы
төмендеп кетпеуі үшін, олардың сақтау
мерзімінен асырмаңыз. Белгілердің
жанындағы сандар мұздатылған
өнімдердің рұқсат етілген сақтау
мерзімін ай бойынша көрсетеді.
Дүкеннен алынған жылдам мұздатылған
өнімдердің өндірілген күні мен
жарамдылық мерзіміне назар
аударыңыз.
Суық аккумуляторы
Электр тогының берілуі тоқтап қалғанда
немесе ақаулық орын алғанда, суық
аккумуляторы камерадағы мұздатылған
өнімдердің жылуын бəсеңдетеді. Суық
аккумуляторын ең жоғарғы бөлімге ас
өнiмдерінiң үстіне қою арқылы ең ұзақ
сақтау мерзіміне қол жеткізуге болады.
Сондай-ақ суық аккумуляторын ас
өнiмдерiн, мысалы, тоңазытқыш
сөмкеде уақытша суық күйде ұстау үшін
шығарып алуға болады.
«OK» жапсырмасы
(барлық үлгілерде бар бола бермейді)
«OK» жапсырмасының көмегімен
тоңазытқыш камерада ас өнімдері үшін
ұсынылған +4°C немесе одан төмен
қауіпсіз температура диапазонына
жеткенін тексеруге болады. Егер
жапсырма «OK» деп көрсетпесе,
температураны біртіндеп төмендетіңіз.
Ескерту
Құрылғыны қолданысқа енгізгеннен
кейін, реттелген температураға
жеткенше, 12 сағатқа дейін уақыт өтуі
мүмкін.
Тиісінше реттеу
Құрылғыны өшіру
жəне істен шығару
Құрылғыны өшіру
Сурет 4
Қосу/өшіру түймесін 7 басыңыз.
Тоңазытқыш өшіп қалады.
Құрылғыны істен шығару
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын жағдайда:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Желілік ашаны суырып алыңыз
немесе сақтандырғышты өшіріңіз.
3. Құрылғыны тазалаңыз.
4. Құрылғы есігін ашық қалдырыңыз.
Ескерту
Құрылғының зақымдалуына жол бермеу
үшін құрылғы есіктерін, олар өздігінен
ашық тұратындай етіп ашу қажет. Есікті
ашық ұстау үшін оған ешқандай
заттарды қыспаңыз.
Добавить комментарий