Haier HOQ-P16AN5SX

Данная инструкция на русском языке предназначена для духового шкафа Haier HOQ-P16AN5SX, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для духового шкафа представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
24 25
ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Жалпы нұсқаулар
Тұмшапештің құрылымы төрт қыздыру элементі мен артқы
желдеткіштің әртүрлі комбинацияларда пайдаланылуын қамтамасыз
етеді, бұл тағамның барлық түрлерін керемет дайындауға мүмкіндік
беру арқылы жоғары өнімділік пен функциялардың кең спектрін
қамтамасыз етеді.
1. ПІСІРМЕ
Ең жақсы қыздырып пісіру нәтижелерін алу үшін тұмшапешті
міндетті түрде алдын-ала қыздырыңыз. Берілген температураға қол
жеткізілгенде дыбыстық сигнал таратылады.
Тұмшапешті қыздыру кезінде грильді қыздыру элементі қосылуы
мүмкін.
Дайындау процесінің кем дегенде 3/4 бөлігі аяқталмайынша есігін
ашпаңыз.
Пісірме қалыптарының бір-біріне және тұмшапештің қабырғаларына
тимейтініне көз жеткізіңіз.
Қос рецепт бойынша пісіру кезінде (әсіресе печенье) уақытты
бірнеше минутқа арттыру қажет болуы мүмкін.
Қыздырып пісіру уақыты қолданылатын ыдысқа байланысты
болады. Қара түсті қалыптар шағылысатын материалдан жасалған
қалыптарға қарағанда жылуды тез сіңіреді. Шыны ыдыс үшін
төменірек температура қажет болуы мүмкін.
Бірнеше сөреде пісіру үшін дайындау уақытын аздап арттыру қажет
болуы мүмкін.
Егер бірнеше сөреде пісірілсе, міндетті түрде олардың арасында ауа
айналымы үшін бос орын қалдырыңыз.
Сөрелердің орналасуы бойынша нұсқаулар
Пісірмені сөреге пішіміңіздің жоғарғы жағы тұмшапеш қуысының
ортасына жақын орналасатын етіп қойыңыз.
2. ҚУЫРУ
Ет, тауық еті немесе көкөністерді қуыру үшін желдеткіші бар гриль
немесе желдеткішпен қыздырып пісіру режимін қолданыңыз.
Сүйексіз қуырылатын тағамдар, орамалар немесе турамамен
толтырылған өнімдер сүйекпен қуырудан гөрі ұзақ дайындалады.
Құс мөлдір шырынмен және 75°C ішкі температурамен жақсы
дайындалу керек.
Қызыдырып пісіруге арналған пакетті пайдаланған кезде
желдеткішпен қыздырып пісіру немесе мәжбүрлі желдету режимдерін
қолданыңыз. Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Егер сіз қақпағы бар табада қуыруды қаласаңыз, Fan Bake
[Желдеткішпен қыздырып пісіру] функциясын қолданыңыз және
температураны 20°C-қа арттырыңыз.
Еттің үлкен кесектерін ұзақ уақыт төмен температурада дайындау
керек. Ет біркелкі дайындалады.
Етті әрдайым майлы жағын жоғары қаратып қуырыңыз. Бұл
жағдайда оған май құюдың қажеті болмауы мүмкін.
Әрқашан шырынды ағызу үшін етті қуырғаннан кейін кем дегенде 10
минутқа қалдырыңыз.
Есіңізде болсын, ет тұмшапештен шығарылғаннан кейін тағы
бірнеше минут дайындалуды жалғастырады.
3. ГРИЛЬДЕ ДАЙЫНДАУ
Бұл қуырумен салыстырғанда денсаулыққа — көбірек пайдалы
балама.
Гриль жасау кезінде тұмшапештің есігі әрдайым толығымен жабық
болу керек.
Егер сіз шыны немесе қыш ыдыстарды қолдансаңыз, оның грильдің
жоғары температурасына төзімділігіне көз жеткізіңіз.
Тесілген жерлерінен шырыны ағып кетпеуі үшін дайындау кезінде
етті айналдыру үшін шанышқының орнына қысқышты немесе
қалақшаны қолданыңыз.
Дайындау кезінде шырынды болып сақталуы үшін етті аздаған
көлемдегі маймен майлаңыз. Сонымен қатар, грильде қуырмас
бұрын балама ретінде етті маринадтауға болады, бірақ кейбір
маринадтардың тез тұтанатынын есте сақтаңыз.
Страницы: Стр: 51
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Духовые шкафы Haier