
29
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Room S401, Haier Brand
building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao, Қытай, Сізге
таңдауыңыз үшін алғыс білдіреді жəне пайдалану ережелерін ұстанған кезде осы бұй-
ымның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс атқаратындығына кепілдік береді. Тұрмы-
ста пайдалану үшін арналған тұрмыстық бұйымның жұмысқа жарамды ресми мерзімі:
бұйым кесімді тұтынушыға табысталған күннен бастап теледидарларға, микротолқын-
ды пештер — 5 жыл, планшеттік компьютерлерге, ноутбуктерге жəне теледидарлық
приставкаларға — 3 жыл, шаңсорғыштарға — 4 жыл, ұялы телефондар мен гироску-
терлерге — 2 жыл, қалған тауарларға — 7 жыл. Өнімнің жоғары сапасын ескере оты-
рып, нақты қызмет ету мерзімі ресми қызмет ету мерзімінен əлдеқайда ұзағырақ болуы
мүмкін. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу
үшін жəне ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді
сұраймыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген жəне Еура-
зиялық экономикалық (кедендік) одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына
сəйкес келеді.
Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін сатып алу кезінде пайдалану құжаттамасы мен ке-
пілдік шарттарын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз. Осы бұйым тұрмыстық мақсат-
тағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз сатып алған бұйым арнайы
орнатуды жəне іске қосуды талап еткен болса, Біз сізге Haier уəкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласуды ұсынамыз.
Haier корпорациясы бұйымның ақаулары анықталған жағдайда қолданыстағы тұты-
нушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамамен, басқа нормативтік актілермен
белгіленген тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру жөніндегі міндеттемелерді
өзіне қабылдағанын растайды. Бірақ Haier корпорациясы төменде аталған шарттарды
сақтамаған жағдайда кепілдікті де, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуден де бас тар-
ту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті жəне сервистік қызмет көрсетудің шарттары
Haier корпорациясы тауарды тұтынушыға табыстап берген күннен бастап 12 ай кепі-
лдікті мерзімді белгілейді жəне тауарды тұтынушыға табыстап берген күннен бастап
36 ай ішінде қосымша сервистік қызмет көрсетеді. Ықтимал түсінбестікке жол бермеу
үшін бұйымды сатқан кезде оған қоса берілетін құжаттарды (тауар чегі, кассалық чек,
пайдалану құжаттамасы) қолдану мерзімі ішінде сақтаңыз. Бұйымға қосымша сер-
вистік қызмет көрсету — Өндірушінің кінəсінен туындаған бұйымның ақауларын жою
тұтынушы үшін тегін. Бұл қызмет бұйым иесі тауар жəне кассалық чектерін, бұйымды
сатып алу дерегін растаушы басқа құжаттарды көрсеткен кезде ғана көрсетіледі.
Кепілдікті тек уəкілетті Haier қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Уəкілетті қыз-
мет көрсету орталықтарының толық тізімін алу үшін келесі нөмірлерге қоңырау шалу
арқылы Haier байланыс орталығына хабарласыңыз:
8 (800) 070-01-29 — Қазақстаннан келген тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлері-
нен тегін қоңырау шалу)
немесе https://haieronline.kz/ сайтында немесе support-kz@haieronline.kz электрондық
поштасында.
Уəкілетті қызмет көрсету орталықтары өзгеруі мүмкін, толық ақпарат алу үшін Haier
байланыс орталығына хабарласыңыз.
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету ақаулары келесі салдарынан
туындаған бұйымдарға таратылмайды:
– тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау жəне/немесе тасымалдау шарттары мен
ережелерін бұзу;
Добавить комментарий