
22
Пісіргіш панельді монтаждау алдында мынаған көз
жеткізіп алыңыз:
• жұмыс беті тегіс тік бұрышты және ешқандай құрылымдық элементтер
кеңістіктік талаптарды бұзбайды;
• жұмыс беті ыстыққа төзімді материалдан жасалған;
• егер пісіргіш панель тұмшапеш үстінде орнатылған болса, онда
тұмшапеште кіріктірілген салқындату желдеткіші бар;
• монтаждау барлық саңылауларға қойылатын талаптарды және
қолданылатын нормалар мен ережелерді ескере отырып орындалады;
• электрлік сымдарды өткізуге арналған жергілікті нормалар мен
ережелерге сәйкес монтаждалған және орнатылған тұрақты электр
сымдарының құрамына желілік электр қуат көзінен толық ажыратуды
қамтамасыз ететін қолайлы ажыратқыш кіреді.
Барлық полюстер үшін 3 мм ауаның аралықтары бар түйіспелердің
(немесе жергілікті электр сымдар жүйесін монтаждау ережелерімен
рұқсат етілген жағдайда барлық белсенді өткізгіштердің) ажыратылуын
қамтамасыз ететін ажыратқыштың бекітілген түрі пайдаланылуы керек;
• пісіргіш панельді монтаждағаннан кейін ажыратқыш пайдаланушыға
оңай қолжетімді болады;
• монтаждауға қатысты күмәндарыңыз болса, жергілікті білікті құрылыс
органдарымен кеңесіңіз және жергілікті нормативтік актілермен танысып
шығыңыз.
• пісіру бетін қоршап тұрған қабырғалардың беттерінде ыстыққа төзімді
және тазалауға оңай әрлеу қолданылады (мысалы, керамикалық
плитка).
Пісіргіш панельді монтаждағаннан кейін
мыналарға көз жеткізіп алыңыз:
• қуат көзі кабеліне есіктер немесе шкафтың тартпалары арқылы қол
жеткізуге болмайды;
• пісіргіш панельдің негізіне жеткілікті таза ауа кіруі қамтамасыз етілген;
• егер пісіргіш панелі жылжымалы жәшіктің немесе шкафтың үстінен
орнатылса, онда пісіргіш панель негізінің астына термиялық қорғаныс
тосқауылы орнатылады;
• ажыратқыш пайдаланушыға оңай қолжетімді.
Бекіткіш кронштейндерді орналастырмас бұрын
Құрылғыны тұрақты, тегіс бетке қою керек (қаптаманы қолданыңыз).
Пісіргіш панельден шығып тұратын басқару элементтерін баспаңыз.
Кронштейннің орналасуын реттеу
Монтаждағаннан кейін пісіргіш панельді бұрандалардың және пісіргіш
панель корпусының астыңғы бөлігінде орналасқан 4 кронштейннің
көмегімен үстел үсті тақтайына бекітіңіз (суретті қараңыз).
Добавить комментарий