
2
Осы нұсқауды орындамау электр тоғымен жарақаттануға немесе адам
қазасына әкелуі мүмкін.
Денсаулыққа қауіптілік
• Аспап электромагниттік қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.
• Дегенмен де, имплантанттардың электромагниттік өріске ұшырамауын
қамтамасыз ету үшін, жүрекширатқыштары немесе басқа электрлік
импланттары бар адамдар (мысалы, инсулин сорғылары) тұлғаларға
аспапты пайдаланудан бұрын өз дәрігерімен немесе имплантат
өндірушісімен кеңесу қажет.
• Осы нұсқаулардың орындалмау адам қазасына әкелуі мүмкін.
Ыстық жұмыс беті қаупі
• Пайдалану барысында аспаптың қолжетімді бөліктерінің қызатыны
соншалықты, олар күйік тудыруы мүмкін.
• Тиісті ыдыс-аяқтардан басқа дене мүшелеріңіздің, киімнің немесе басқа
заттардың бет салқындатылғанға дейін индукциялық шыныға тиюіне жол
бермеңіз.
• Пештің бетіне пышақтар, шанышқылар, қасықтар және қақпақтар сияқты
металл заттарды қоюға болмайды, себебі олар қызып кетуі мүмкін.
• Балаларды аспаптан аулақ ұстаңыз.
• Кәстрөлдердің тұтқалары жанасу үшін ыстық болуы мүмкін.
• Кәстрөлдердің тұтқалары басқа пісіру аймақтарынан жоғары емес
екеніне көз жеткізіңіз. Тұтқалар балаларға қол жетімді болмауы керек.
• Осы нұсқаулықты орындамау күйік шалуға және бу қарып кетуге әкеп
соқтыруы мүмкін.
Кесіп кетулер қауіптілігі
• Қорғаныс қақпағын ішіне қарай бұрағанда пісіргіш панельге арналған
қырнауыштың өткір жүзі ашылады. Оны асқан ұқыптылықпен
пайдаланыңыз және балаларға қолжетімсіз жерде сақтаңыз.
• Бұл факторды елемеу жарақат алуға немесе кесіп кетулерге соқтыруы
мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі маңызды
нұсқамалар
• Аспапты қосулы күйде қараусыз қалдырмаңыз. Қайнау кезінде бу пайда
болады және төгілген майлы сұйықтықтың тұтану мүмкіндігі туындайды.
• Аспапты жұмыс беті ретінде немесе заттарды сақтау үшін
пайдаланбаңыз.
• Аспапта заттарды немесе ыдыстарды қалдырмаңыз.
• Аспапта магниттелген заттарды (мысалы, кредиттік карталарды,
жады карталарын) немесе электрондық құрылғыларды (мысалы,
компьютерлерді, MP3-плеерлерді) орналастырмаңыз және қалдырмаңыз,
өйткені олар электромагниттік өрістің әсеріне ұшырауы мүмкін.
Добавить комментарий