
17
Күтім және тазалау
Не? Қалай? Маңызды!
Шынының
күнделікті ластануы
(тәтті емес өнімдер
төгілгенде әйнекте
қалдырылған саусақ
іздері, іздер, дақтар)
1. Пісіргіш панельдің қуат көзін
өшіріңіз;
2. Пісіргіш панельді
тазартқышты беті әлі жылы
болғанда жағыңыз (бірақ
ыстық емес!);
3. Бетті жуыңыз және құрғақ
таза шүберекпен немесе
қағаз сүлгімен сүртіңіз;
4. Пісіргіш панельдің қуат көзін
қосыңыз.
• Пісіргіш панельдің қуат көзі
өшірілгенде, ыстық беттің
индикациясы болмайды, бұл ретте
пісіру аймағы әлі де ыстық болуы
мүмкін! Аса сақ болыңыз.
• Металл жөкелер, кейбір нейлон
жөкелер және агрессивті/абразивті
тазартқыш құралдар әйнекті
сызып тастауы мүмкін. Тазалағыш
құралдың немесе жөкенің жарамды
екеніне көз жеткізу үшін міндетті
түрде жапсырманы оқып шығыңыз.
• Пісіргіш панельде тазартқыш
құралдың қалдықтарын
қалдырмаңыз: бұл әйнек түсінің
өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Әйнекте қайнаған
сұйықтықтың тасуы,
балқытылған тағам
мен күйдірілген
тәттіқтағамдардың
қалдықтары
Бұл ластануларды индукциялық
пісіргіш панельдердің шыны
беттеріне сәйкес келетін
қалақшаның немесе өткір
жүзді қырғыштың көмегімен
дереу алып тастаңыз, бұл
ретте қолдарыңызды пісіру
аймақтарының ыстық беттеріне
тигізбеңіз:
1. Ашаны электр қуат көзі
розеткасынан ажырату
арқылы пісіргіш панельдің
қуат көзін өшіріңіз;
2. Жүзді немесе тазалау
құралын 30° бұрышта ұстап,
панельдің суық жеріндегі
кірді қырыңыз;
3. Асүй сүлгісімен немесе қағаз
сүлгімен кірді кетіріңіз;
4. Күнделікті ластануларды
шыныдан жою үшін
жоғарыдағы 2—4
қадамдарды орындаңыз.
• Балқытылған, тәтті немесе төгілген
өнімдерден қалған дақтарды
мүмкіндігінше тезірек кетіріңіз.
Шыны салқындағаннан кейін
оларды жою қиынырақ болады;
бұл ретте шыны бетіне зақым
келтіру қаупі бар.
• Тілу қаупі: қорғаныс қақпағын
тартқанда пісіргіш панельге
арналған қырғыштың өткір жүзі
ашылады. Оны аса сақтықпен
қолданыңыз және әрқашан
қауіпсіз, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Добавить комментарий