
20
KZ
Ескертпе
Жақсы салқындатуды қамтамасыз ету үшін өнімдер мен ауа өткізгіш немесе
датчиктер арасындағы қашықтық 10 мм-ден астам болуы керек.
Балғын өнімдерді сақтау бойынша кеңестер
Тоңазытқыш камерада сақтау
► Тоңазытқышта 5°C-ден төмен температураны сақтаңыз.
► Ыстық тағамды тоңазытқышқа салар алдында, оны бөлме температурасына дейін
салқындату керек.
► Тоңазытқышқа сақтауға орналастырылатын азық-түлікті алдымен жуып, кептіру
керек.
► Иісінің немесе дәмінің өзгеруіне жол бермеу үшін, тоңазытқышқа сақтауға
орналастырылатын азық-түлік тиісті түрде қапталған болуы керек.
► Шамадан тыс азық-түлік сақтамаңыз. Суық ауа азық-түлікті неғұрлым біркелкі және
сапалы салқындап, «айнала ағуы» үшін олардың арасында аралықтар қалдырыңыз.
► Күнделікті пайдаланылатын азық-түлікті сөрелердің алдыңғы бөлігінде сақтаңыз.
► Суық ауа азық-түліктен «айнала ағуы» үшін, олардың арасында аралықтар
қалдырыңыз.
► Азық-түлікті артқы қабырғаға жақындастыра қоймаңыз: олар жабысып қатып қалуы
мүмкін. Азық-түлікті (әсіресе майлы немесе қышқылдарды) ішкі ішпектермен түйістіріп
сақтамаңыз, өйткені май/қышқылдық оны зақымдауы мүмкін. Егер тоңазытқыштың
осындай азық-түлікпен ластануын анықтасаңыз, оны тез арада тазалаңыз.
► Мұздатылған азық-түлікті тоңазытқыш камерада ерітіңіз. Олар осы бөліктегі
температураны төмендетеді, сөйтіп, сізге біршама энергия мөлшерін үнемдеп
береді.
► Тоңазытқышта кәді, қауын, папайя, банан, ананас және т.б. сияқты кейбір
жемістер мен көкөністердің пісу процесі жылдамдауы мүмкін. Сондықтан оларды
тоңазытқышта сақтау ұсынылмайды. Дегенмен, тоңазытқышта сақтау қатты жасыл
жемістердің пісуіне ықпал етуі мүмкін. Пияз, сарымсақ, зімбір және басқа тамыр
жемістерді бөлме температурасында сақтау керек.
► Тоңазытқыш ішіндегі жағымсыз иісі — бұл ішінде бірдеменің төгілгенінің және
тазалау керек екендігінің белгісі. «Күтім және тазалау» тарауын қараңыз.
► Әртүрлі азық-түлікті олардың қасиеттеріне байланысты әртүрлі жерге жайғастыру
керек:
1 Сары май, ірімшік және т.б.
2 Жұмыртқа, консервілер, дәмдеуіштер және т.б.
3 Бөтелкедегі сусындар мен азық-түлік.
4 Маринадталған тағамдар, консервілер және т.б.
5 Ет өнімдері, тіскебасарлар, макарондар,
консервілер, сүт, соя ірімшігі, сүт өнімдері және
т.б.
6 Ет тағамдары, сосискалар және т.б.
7 Жемістер мен көкөністерді сақтауға арналған
аймақ
8 Жоғары ылғалдылық аймағы: жемістер,
көкөністер, салат және т.б.
9 Балғындық аймағы: ет, балық
Пайдалану
Добавить комментарий