
6
KZ
Тамақ өнімдерінің ластануына/бүлінуіне жол бермеу үшін, келесі
нұсқаулықтарды сақтаңыз:
► Есіктерді ашық күйде ұзақ ұстамаңыз, өйткені бұл тоңазытқыш бөліктерінде
температураның едәуір жоғарлауына әкелуі мүмкін.
► Тамақ өнімдерімен түйісетін беттерді тұрақты тазалап отырыңыз.
► Суға арналған ыдыс 48 сағат бойы пайдаланбаған жағдайда тазалаңыз; егер
су 5 күн бойы пайдаланылмаса, су құбырына қосылған сумен жабдықтау
жүйесін шайыңыз.
► Шикі ет пен балық басқа тамақ өнімдерімен байланыста болмауы және ағып
кеткенде ластамауы үшін, тоңазытқыш-мұздатқышта арнайы контейнерлерде
сақтаңыз.
► Екі жұлдызшамен белгіленген бөліктер алдын ала тоңазытылған азық-түлікті
сақтауға, сонымен қатар балмұздақ пен мұз сақтауға немесе дайындауға
арналған.
► Бір, екі және үш жұлдызшамен белгіленген бөліктер балғын азық-түлікті
тоңазытуға арналмаған.
► Егер тоңазытқышты ұзақ уақыт пайдаланбау жоспарланатын болса, оны
сөндіріңіз, ерітіңіз, тазалаңыз, құрғатыңыз және аспап ішінде зең пайда
болмауы үшін есікті ашық қалдырыңыз.
► Мұздатқыш камерада қымтақты бөтелкелердегі немесе құтылардағы
сусындарды немесе сұйықтықтарды (алкогольді ішімдіктерді қоспағанда),
әсіресе, газдалған сусындарды сақтамаңыз, өйткені олар қатқанда, жарылып
кетеді.
► Мұздатқыш камерада оңай тұтанғыш газы бар аэрозольді баллондар сияқты
жарылысқа қауіпті заттарды сақтамаңыз.
► Мұздатқыш камерада дәрі-дәрмекті, бактериялық немесе химиялық заттарды
сақтамаңыз. Бұл аспап тұрмыстық пайдалануға арналған. Онда температура
режимін дәл сақтауды талап ететін заттарды сақтамау ұсынылады.
► Егер мұздатқыш камера қызып кетсе, оның ішіндегі азық-түлік жағдайын
тексеріңіз.
► Тоңазытқыш бөлімінде тым төмен температураны орнатпаңыз. Бұл жағдайда
теріс температура орын аллуы, демек, мұздап қатуы мүмкін. Назар аударыңыз:
Бөтелкелер жарылып кетуі мүмкін.
► Мұздатылған азық-түлікке су қолыңызды тигізбеңіз (қолғап киіңіз). Әсіресе,
мұз кәмпитті мұздатқыштан шығарғаннан кейін бірден жемеңіз. Үсіп қалу
қаупі бар.
► АЛҒАШҚЫ КӨМЕК: зақымдалған жерді бірден суық су ағысы астында ұстау
керек. Жұлып алуға тырыспаңыз!
► Жұмыс істеп тұрғанда, мұздатқыш камераның ішкі беттеріне, әсіресе, су
қолыңызды тигізбеңіз, себебі қолдарыңыз оның бетіне жабысып қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік техникасы ережелері
Добавить комментарий