
5
KZ
Қауіпсіздік техникасы ережелері
Күнделікті пайдалану
► Осы аспапты 8 жастағы және одан ересек балалар, сонымен қатар шектеулі
денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері бар тұлғалар, немесе
тәжірибесі мен білімдері жоқ тұлғалар, егер оларға қадағалаушы тұлға
ұсынылған болса немесе оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөнінде
нұсқаулар берілсе, және де олар ықтимал қауіптермен таныстырылған
болса, пайдалануы мүмкін.
► Балаларға аспаппен ойнауға тыйым салынған.
► 3 пен 8 жас аралығындағы балаларға тоңазытқышқа тамақ салуға және
алуға рұқсат етіледі, бірақ оны тазалауға немесе орнатуға рұқсат етілмейді.
► 3 жасқа толмаған балаларға тоңазытқыштың жанында тек тұрақты қадағалау
жағдайында ғана болуға рұқсат етіледі.
► Балаларға тоңазытқышты қадағалаусыз тазалауға және қызмет көрсетуге
тыйым салынады.
► Тоңазытқыш айырға еркін қолжетімділікте орнатылуы керек.
► Егер тоңазытқыштың тікелей жанында көмір немесе басқа тұтанғыш
газ шығуы анықталса, газ клапанын жабу, есік пен терезелерді ашу және
тоңазытқыштың немесе басқа кез келген құрылғының қуат баусымын желіден
ажырату керек.
► Тоңазытқыш белгілі бір температура диапазонында, 10-нан 38°C-ге дейін
жұмыс істеуге арналғанына назар аударыңыз. Егер сіз оны көрсетілген
диапазоннан жоғары немесе төмен температурада ұзақ уақыт қалдырсаңыз,
оның жұмысында бұзушылықтар пайда болуы мүмкін.
► Сумен жанасу нәтижесінде құлау немесе электр тогы соғуынан жарақаттануға
жол бермеу үшін тұрақсыз заттарды (ауыр заттар, су құйылған ыдыс)
тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.
► Есік сөрелерінен ұстап тартпаңыз. Есік қисаюы немесе бүкіл тоңазытқыш
төңкеріліп, құлап түсуі мүмкін.
► Тоңазытқышты тек қана тұтқаларынан ұстап ашыңыз және жабыңыз. Есік
пен корпус арасындағы саңылау өте тар. Сондықтан саусақтарды қысып
алмау үшін, одан аулақ болыңыз. Тоңазытқыш-мұздатқыш есігін ашқанда
немесе жапқанда онымен балаларға тиіп кетпеуді қадағалаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Добавить комментарий