
KZ
25
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тазалау алдында құрылғыны розеткадан ажыратыңыз.
8.1. Жалпы ережелер
Құрылғыны онда өнімдер болмаған жағдайда тазалау керек.
Техникалық қызмет көрсету және бүлінген өнімдердің жағымсыз иісін болдырмау үшін
құрылғыны төрт апта сайын жуу керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
► Құрылғыны қатты қылшақтармен, сымды ысқыштармен, кір жуғыш ұнтақпен, бен-
зинмен, амилацетатпен, ацетонмен және басқа ұқсас органикалық, қышқылды не-
месе сілтілі ерітінділермен тазаламаған жөн. Зақымдалуына жол бермеу үшін тоңа-
зытқышт жууға арналған арнайы құралдарды пайдаланыңыз.
► Тазалаған кезде құрылғыға су шашпаңыз немесе оған су құймаңыз.
► Құрылғыны тазалау үшін су немесе бу шашпаңыз.
► Суық шыны сөрелерді ыстық сумен жумаған жөн. Температураның күрт өзгеруінен
шыны шытынауы мүмкін.
► Мұздатқыш камерасының ішкі бетіне әсіресе ылғал қолыңызды тигізбеңіз, себебі қол
суық бетке жабысып қалуы мүмкін.
► Егер ерітілсе немесе температура жоғарыласа, мұздатылған өнімдердің жағдайын
тексеріңіз.
► Есіктің тығыздағыштарын әрдайым таза ұстау керек.
► Құрылғының ішкі бөлігін және корпусын бейтарап
жуғыш құрал қосылған жылы су ерітіндісіне малынған
ысқышпен жуыңыз (8.1-сур.).
► Жуғыш затты шайыңыз және жұмсақ матамен құрғатып
сүртіңіз.
► Құрылғының ешқандай бөлігін ыдыс жуғыш машинада
жууға болмайды.
► Керек-жарақтарын тек жылы сумен және жұмсақ бейта-
рап жуғыш құралмен жуыңыз.
► Тоңазытқышты қайта қосар алдында кем дегенде 5 ми-
нут күтіңіз, себебі жиі іске қосу компрессорды зақымда-
уы мүмкін.
8.2 Еріту
Тоңазытқыш пен мұздатқышты еріту автоматты түрде жүзеге асады, адамның араласуы
қажет емес.
8. Күтім және тазалау
Добавить комментарий