
KZ
4
1. Қауіпсіздік техникасының ережелері
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Алғаш рет пайдаланар алдында
► Тасымалдаған кезде зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
► Барлық қаптамасын алып тастап, оны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
► Орнатар алдында тоңазытқыш агент тізбегінің барынша тиімді болуын қамтамасыз
ету үшін кемінде екі сағат күтіңіз.
► Құрылғының ауыр салмағына байланысты оны қозғалту әрекеттерін кемінде екі
адам орындауға тиіс.
Орнату
► Құрылғыны жақсы желдетілетін жерге қойған жөн. Құрылғының үстінде кем дегенде
10 см, айналасында кем дегенде 10 см бос кеңістік қалуы керек.
► Құрылғыны су тамшылары шашырауы мүмкін ылғал аймақтарға немесе орындарға
орнатуға тыйым салынады. Құрылғыдағы су шашырандыларын және дақтарды жұм-
сақ, таза шүберекпен сүртіңіз.
► Құрылғыны тікелей күн сәулесі түсетін немесе жылу көздеріне (мысалы, пештер,
жылытқыштар) жақын жерге орнатпаңыз.
► Құрылғы оның өлшемі мен нысаналы мақсатына сәйкес келетін жерге орнатылып,
көлденеңінен туралануы керек.
► Құрылғының желдеткіш саңылауларын жаппаңыз.
► Зауыттық тақтайшасында көрсетілген электр қуаты сипаттамалары қуат көзі пара-
метрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Сәйкес келмеген жағдайда электрші
шақырыңыз.
► Құрылғы 220-240 В, 50 Гц ауыспалы токпен қуаттау көзінен жұмыс істейді. Кернеудің
қалыптан тыс ауытқуы құрылғыны іске қосуға кедергі болуы немесе температура
реттегіш немесе компрессордың зақымдалуына, сондай-ақ жұмыс кезінде қалып-
тан тыс шу пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда автоматты реттегіш орнату
қажет.
► Жерге тұйықталған бөлек розетка пайдаланыңыз және ол оңай қолданылатын жер-
де болуын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жерге тұйықталуға тиіс.
► Үштармақ және ұзартқыш кабель пайдалануға тыйым салынады.
► Кабель тоңазытқыштың астында қалмағанына көз жеткізіңіз. Қуат баусымын бас-
паңыз.
► Тоңазытқыш агенттің контурын зақымдап алмаңыз.
Құрылғыны алғаш рет қосар алдында қауіпсіздік техникасы жөніндегі мына нұсқау-
лармен танысыңыз:
Добавить комментарий