
KZ
11
5. Пайдалану
5.1. Алғаш рет пайдаланар алдында
► Қаптау материалдарының барлығын алып тастаңыз, оларды балалардың қолы жет-
пейтін жерде сақтаңыз және қоршаған ортаға қауіпті болмайтындай кәдеге жаратыңыз.
► Азық-түлік қоймас бұрын құрылғының ішкі және сыртқы бетін сумен және жұмсақ жуғыш
құралмен жуыңыз.
► Құрылғыны туралап, жуғаннан кейін оны қуат көзіне қоспас бұрын кем дегенде 2 сағат
күтіңіз. «ОРНАТУ» бөлімін қараңыз.
► Азық-түлік қоймай тұрып, алдын ала камералар үшін жоғары параметрлер орнатыңыз.
Super-Freeze (Қарқынды мұздату) функциясы мұздатқыш камерасын тез салқындатуға
көмектеседі.
► Тоңазытқыш камераның температурасы мен мұздатқыш камерасының температурасы
автоматты түрде 5 °C және -18 °C шамасында белгіленеді. Бұл ұсынылатын баптаулар.
Қаласаңыз, бұл температура мәндерін қолмен өзгертуге болады. ҚОЛМЕН РЕТТЕУ
РЕЖИМІН қараңыз.
5.2 Сенсорлық батырмалар
Басқару панеліндегі батырмалар – саусақ жеңіл жанасқанда жауап беретін сенсорлық пер-
нелер.
5.3 Құрылғыны қосу / өшіру
Құрылғы сіз оны қуат көзіне қосқанда ғана жұмыс істейді.
Құрылғыны алғаш қосқан кезде тоңазытқыш пен мұздатқыш камераларының нақты тем-
пература көрсеткіштері көрсетіледі («a» және «b»). Дисплей жыпылықтайды. Есік жабық
болса, ол 30 секундтан кейін өшеді. Панельді бұғаттағыш қосулы болуы мүмкін.
Ескерту: Алдын ала орнатулар
► Құрылғы ұсынылған 5 °C (тоңазытқыш камерасы) және -18 °C (мұздатқыш камерасы)
температураға бапталған. Қалыпты қоршаған орта жағдайында сізге температура
орнатудың қажеті жоқ.
► My Zone жәшігіне алдын ала орнатылған функция — «Жемістер мен көкөністер».
► Құрылғы қуат көзінен ажыратылған соң оңтайлы температураға жету үшін 24 сағатқа
дейін уақыт қажет болуы мүмкін.
Құрылғыны сөндірмей тұрып барлық азық-түлікті шығарыңыз. Құрылғыны өшіру үшін қуат
сымын розеткадан алыңыз.
5.4 Күту режимі
Дисплей экраны перне басылған соң 30 секундтан кейін автоматты түрде өшеді. Дисплей
автоматты түрде бұғатталады. Ол кез келген батырманы түрткеннен немесе есікті / жәшік-
ті ашқанда автоматты түрде жанады.
Добавить комментарий