
KZ
12
5. Пайдалану
5.5 Панельді бұғаттау/бұғаттан шығару
Ескерту: Панельді бұғаттау
Батырмалардың ешқайсысы 30 секунд ішінде қосылма-
са, кездейсоқ белсендіруді болдырмау үшін басқару па-
нелі автоматты түрде бұғатталады. Кез келген параме-
трді орнату үшін басқару панелін бұғаттан шығару керек.
► Панель элементтерінің барлығын кездейсоқ қосудан
бұғаттау үшін «G» батырмасын 3 секунд басып тұрыңыз
(5.5-сур.). Тиісті «d» индикаторы көрсетіледі.
► Бұғаттан шығару үшін батырманы қайта басыңыз.
5.6 Ашық есік сигналы
Тоңазытқыштың есігі 3 минуттан артық ашық қалса, ашық есік сигналы қосылады. Сиг-
налды есікті жабу арқылы өшіруге болады. Егер есік 7 минуттан артық ашық қалса, тоңа-
зытқыш ішіндегі жарық және басқару панелінің көмескі жарығы автоматты түрде өшеді.
5.7 Жұмыс режимін таңдау
Сізге құрылғыны баптаудың мына екі тәсілінің бірін таңдау қажет болуы мүмкін:
5.7.1 Автобаптау режимі
Егер айрықша талаптарыңыз болмаса, автобаптау ре-
жимін пайдалануға кеңес береміз. Бұл режимде құрылғы
қоршаған ортаға және ішіндегі температураның өзгеруіне
байланысты температураны өздігінен реттейді.
1. Егер бұғаттаулы болса, «G» батырмасын басу арқылы
панельді бұғаттан шығарыңыз (5.5-сур.).
2. «D» батырмасын басыңыз (5.7.1-1-сур.).
3. «d3» индикаторы жанып, функция белсендіріледі (5.7.1-
2-сур.).
Жоғарыда аталған қадамдарды қайталау немесе басқа
функция таңдау арқылы бұл функцияны қайта өшіруге бо-
лады.
5.7.2 Қолмен баптау режимі
Құрылғының температурасын белгілі бір азық-түлікті сақтау үшін баптағыңыз келсе, реттеу
батырмасының көмегімен температура орнатуға болады.
Ескерту: Басқа функциялармен қайшылық
Егер басқа функция (Қарқынды салқындату, Қарқынды мұздату, Демалыс немесе Автобап-
тау) белсенді болса немесе дисплей бұғатталып тұрса, температураны реттеу мүмкін емес.
Тиісті индикатор жыпылықтап, дыбыстық сигнал береді.
Добавить комментарий