
Қазақ | 267
Нұсқау: Төмен температураларда май тұтқыр болып
кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің деңгейі
төмендеп кетеді.
Пайдалану
Аккумуляторды енгізу
Қуаттандырылған аккумуляторды (17) енгізіңіз.
Аккумулятордың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Қосу/Өшіру
Шынжырлы араны “Шынжырлы арамен жұмыс істеу”
тарауында көрсетілгендей ұстаңыз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосуды
құрсаулау қосқышын (3) басып, одан кейін Қосу/Өшіру
(2) басып және оны әрі қарай баса тұрыңыз.
Электр бұйым іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда іске
қосуды құрсаулау қосқышын босатуыңызға болады.
Электр құралды өшіру үшін Қосу/Өшіру қосқышын (2)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себептерінен Қосу/Өшіру қосқышын
(2) құрсаулауға болмайды, ол жұмыс барысында
басылған қалыпта қала беруі тиіс.
Шынжырлы арамен жұмыс істеу
Арамен кесу алдынан
Араны іске қосу алдынан және әрдайым арамен кесу
барысында төмендегідей тексеру жұмыстарын өткізуіңіз
лазым:
– Шынжырлы ара іске қосылып қолданылу үшін
жарамды қалыпта ма?
– Май резервуары маймен толтырылды ма? Май
дәрежесінің көрсеткішін жұмысты бастау алдында
және әрдайым жұмыс барысында тексеріңіз. Май
дәрежесі көрсеткіш терезесіндегі ең төменгі белгіге
жетіп қалса, резервуарға май құйыңыз. Бір рет
толтырылған май көлемі құралдын, жұмыс барысында
үзіліс жасауға және жұмыс қарқындылығына қарай
отыра, шамамен 15 минутқа жетеді.
– Ара шынжыры дұрыс керілді ме немесе қайранып
алынды ма? Арамен кесу барысында шынжыр
кернеуін әрдайым әр 10 минут бойы тексеріңіз.
Әсіресе жаңа ара шынжырларын қолданғанда
алғашқы уақытта кеңейтудің жоғары бола алуына
назар аударуыңыз лазым. Ара шынжырының күйі
арамен кесу нәтижелеріне айтарлықтай әсер етеді. Тек
қана өткір ара шынжырлары шамадан тыс жүктелуден
қорғай алады.
– Талап етілетін лайықты қорғау жабдықтарын киіп
жүрсіз бе? Қорғаныс көзәйнек пен қорғау
құлаққаптарын қолданыңыз. Бас, қолдар мен аяқтар
үшін қосымша қорғау жабдықтарын киіп жүруіңіз
лазым. Лайықты қорғау киім арамен кесу барысында
ұшып жататын заттардан немесе ара шынжырын
кездейсоқ түрде түртіп қалудан түсе алатын
жарақаттану қауібін азайтады.
– Өңделген ағаштарды кескенде лайықты тыныс алу
қорғаныс маскасын киіп жүріңіз.
– Кесу аймағында электр тоқ кабелінің бар не жоқ
болуын тексеріп алыңыз.
Араның кері соғуы
Кесу пышағының ұшын қорғау бөлшегін ешқашан
алып тастамаңыз немесе өзгертеңіз! Араның ұшы
кездейсоқ түрде ағашқа қарай басылып жіберілген
уақытта кері соққының пайда болуына жол бермеу үшін
осы ара құралы кесу пышағының ұшын қорғау
бөлшегімен жабдықталған.
Араның кері соғуы деген ұғым жұмыс істеп тұрған
араның, шапқы ұшы кесілетін өнімді түртіп қалғанда
немесе ара қысылып ілініп қалғанда пайда болатын,
жоғарыға және артқа қарай кездейсоқ соға бастауын
білдіреді.
Араның кері соққысы пайда болғанда шынжырлы ара
күтпеген түрде әрекеттене бастап, қолданушының немесе
арамен кесу жұмысы өткізіліп жатқан аумақта тұрған
басқа адамдардың ауыр жарақаттануына апара алады.
Арамен бүйірінен кесу, көлденеңінен және ұзынынан
кесу жұмыстары аса сақтықпен өткізілуі тиіс, себебі тісті
таяныш (8) осы жерлерде бекітіле алынбайды.
Араның кері соққысын болдырмау үшін төменгідей
әрекеттенуіңіз лазым:
– Шынжырлы араны мүмкін болғанша тегіс қылып қоя
отырып жұмыс істеңіз.
– Ешқашан босайған, кеңейтілген немесе аса тозып
қалған ара шынжырымен жұмыс істемеңіз.
– Дөкір болып қалған ара шынжырын ауыстырып
алыңыз.
– Иықтарыңыздың биіктігінен жоғары болған өнімдерді
ешқашан арамен кеспеңіз.
– Ешқашан шапқы ұшымен кеспеңіз.
– Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен бекем
ұстап жүріңіз.
– Әрқашан Bosch компаниясы арқылы рұқсат етілген,
кері соққыны болдырмайтын не азайтатын шынжырлы
араларды қолданыңыз.
– Тісті таянышын (8) тетік ретінді қолданыңыз.
– Шынжырдың кернеуі лайықты түрде орнатылғанына
назар аударыңыз.
Жалпы жүріс және тұрыс ережелері (E–G
суреттерін қараңыз)
Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен берік ұстап,
алдыңғы қол тұтқасын сол қолыңызбен, ал артқы қол
тұтқасын оң қолыңызбен ұстап жұмыс істеуіңізге назар
аударыңыз. Тұтқаларды әрқашан қолдарыңыздың
басбармақтары мен бармақтарымен толығымен ұстаңыз.
Ешқашан тек бір қолмен қана кеспеңіз.
Bosch Power Tools F 016 L94 153 | (23.06.2021)
Добавить комментарий