
Қазақ | 259
жұмыс тұрыста ұсталуы жарақаттану қауібін
арттырады, оны бұл ретпен қолдануға болмайды.
uШынжырлы араны тек қана оның оқшауланған
тұтқаларынан ұстаңыз, себебі ара шынжыры көзге
көрінбейтін электр кабелдеріне тиіп қалуы мүмкін.
Ара шынжыры кезкелген электр тоқ өткізгіш
кабелдеріне жанасып тиіп кетуі бұйымның металдан
жасалған бөлшектерін кернеу астына қойып, электр
соққысына апаруы мүмкін.
uКөзді қорғайтын құралдарды киіп жүріңіз.
Қорғаныс құлаққаптарын, бас, қолдар мен
аяқтарды қорғайтын жеке қорғаныс құралдарын
киіп жүріп жұмыс істеуіңіз лазым. Лайықты
қорғаныс құралдарын киіп жүріп жұмыс істеу жұмыс
барысында ұшып жататын жоңкалар арқылы мен ара
шынжырын кездейсоқ түрде түртіп қалу арқылы пайда
бола алатын жарақаттану қауібін азайтады.
uШынжырлы арамен ағашта, басқышта, шатырда
немесе тұрақсыз тіреу құралы үстінде тұрып
жұмыс істемеңіз. Шынжырлы араны осы түрде
қолдану ауыр жарақаттануларға апара алады.
uТұрақты тұрғаныңызға әрқашан назар аударып,
шынжырлы араны тек қана бекем, қауіпсіз және
тегіс жер үстінде тұрғаныңызда қолданыңыз. Асты
тайғанак болған жер немесе тұрған жердің бекем
болмауы, мысалы тасымал басқыш үстінде тұру
сияқты жағдайлар тепе-теңдіктің жоғалуы мен
шынжырлы араны дұрыс ұстап қолдануды бақылаудың
жоғалуына апаруы мүмкін.
uКернеу астында тұрған бұтақтарды кескенде осы
бұтақ қатты қайтарым бере алатынына назар
аударыңыз. Ағаш талшықтарындағы кернеу
кедергісіз шыққан уақытта осы кернеу астында тұрған
бұтақ араны қолданып тұрған адамға тиіп, және/
немесе осы адамның ара үстінен бақылауды
жоғалтуына апара алуы мүмкін.
uӘсіресе аласа ағаштар топтары мен жас ағаштарды
арамен кескенде аса сақ болыңыз. Олардың
жіңішке материалы ара шынжырында шатасып оралып
қалып, шынжырды араның өзіңізге қарай жүре қалуы
немесе өзіңізді тепе-теңдіктен шығарып жіберуі
мүмкін.
uШынжырлы араны өшіріліп қойылған қалыпта
алдыңғы тұтқасынан ұстап жүріп тасуыңыз лазым,
оны тасып жүргенде ара шынжыры алғы жаққа
қарап тұруы керек. Бұтақтар қиюшыды
тасымалдағанда немесе сақтағанда әрқашан оның
үстінен қорғау жапқышын жауып қою қажет.
Бұтақтар қиюшыны жұмыс барысында және
тасымалдап сақтауда ұқыпты ұстау арқылы жұмыс
істеп тұрған ара шынжырымен кездейсоқ жанасып
тиіп қалуы мүмкіншілігі азайтылады.
uМайлау, шынжырлар кернеуі мен
толымдаушыларды ауыстыру бойынша
нұсқауларды ұстана отырып әрекет етіңіз.
Лайықсыз түрде керілген немесе майланған
шынжырлар жыртылып кете алады немесе қайта
соққы қауібін арттыра алады.
uТек қана ағаш кесу үшін. Шынжырлы араны
мақсатталмаған жұмыстар үшін қолданбаңыз.
Мысалы: Шынжырлы араны металл, пластмасса,
тас қалаулары немесе ағаштан жасалмаған
құрылыс материалдарын кесу үшін қолданбаңыз.
Шынжырлы араны мақсатталмаған жұмыстар үшін
қолдану қауіпті жағдайларға апаруы мүмкін.
uОсы шынжырлы ара ағаштарды кесу үшін
мақсатталмаған. Шынжырлы араны мақсатталмаған
басқа жұмыстар үшін қолдану құрал қолданушысы
немесе оның айналасында тұрған адамдардың ауыр
түрде жарақаттанып қалуына апара алады.
uҚұралда жиналып қалған шөпті құралдан алып
тастағанда, шынжырлы араны сақтауға қойғанда
немесе оны тазалағанда не жөндегенде әрқашан
осы құжат бойынша берілген нұсқауларға сай
әрекет етіңіз. Алдымен құралдың Қосу/Өшіру
түймешігі өшіріліп және батареясы шығарылып
қойылғанын тексеріп алыңыз. Құралда жиналып
қалған шөпті алып тастаған уақытта немесе құралда
тазалау не жөндеу жұмыстарын өткізіп жатқанда
шынжырлы араның іске қосыпып қалуы ауыр
жарақаттарға апара алады.
uКері соққының пайда болуы себептері мен оларды
болдырмау жолдары:
– Жүргізу шинасының ұшы кез келген бір затқа
жанасып тигенде немесе ағаш бүгіліп, ара шыншыры
кесілген жерде қысылып тұрып қалғанда кері
соққының пайда болуы мүмкін.
– Кейбір кездерде, жүргізуші шинасының ұшын түртіп
қалу кездейсоқ артқа қарай бағытталған реакцияға
апарып, осы реакция салдарынан жүргізу шинасы
жоғарыға қарай және қолданушы бағытына қарай
соғылып апарылуы мүмкін.
Ара шынжыры жүргізу шинасының ұшында қысылып
қалуы шинаны дереу қолданушы бағытына кері итеріп
жіберуі мүмкін.
– Осы реакциялардың әрқайсысы ара ұстау мен
қолдану бойынша бақылауды жоғалтып, қатты
жараланып қалуыңызға апаруы мүмкін. Тек қана
шынжырлы ара ішіне құрастырылып орнатылған
қауіпсіздік құрылғылар жүйесіне сүйенбеуіңіз лазым.
Шынжырлы ара пайдаланушы ретінде өзіңіз, апаттар
мен жарақаттануларға жол бермей жұмыс істей алу
үшін түрлі сақтандыру шараларын қолданып жүруіңіз
лазым.
Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың
немесе оператор қатесінің салдарынан пайда болады.
Төменде көрсетілгендей, лайықты қауіпсіздік
шараларын қолдану арқылы осы кері соққының пайда
болуына жол берілмейтін болады:
uҚолдарыңыздың басбармақтары мен бармақтары
шынжырлы араның тұтқалары айналасынан бекем
ұстап отыра, араны екі қолыңызбен бекем
ұстаңыз. Денеңіз бен қолдарыңызды кері соққы
күштеріне қарсы тұрып, төзе алатындай тұрысқа
Bosch Power Tools F 016 L94 153 | (23.06.2021)
Добавить комментарий