Bosch Universal Chain 18

Данная инструкция на русском языке предназначена для цепной пилы Bosch Universal Chain 18, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для цепной пилы представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

266 | Қазақ
Шынжырлы араны тегіс бір жер үстіне жатқызып
қойыңыз.
Шынжырлы араны (12) шапқының (11)
айналасындағы науасы ішіне енгізіңіз. Жүріс бағыты
дұрыс болуына назар аударыңыз; ол үшін ара
шынжырын жүріс бағыты белгісімен салыстырыңыз.
Шынжырдың түйінін шынжырлы тісті дөңгелек (20)
айналасынан салып, шапқыны (11) бекіту
бұрандамасы үстінен орнатыңыз.
Бөлшектердің барлығы дұрыс орнатылғанын тексеріп,
шапқы мен ара шынжырын осы позицияда ұстап
тұрыңыз.
Жапқышын (15) үстінен қайта орнатыңыз.
Қаптаманы (15) тоқтатқыш түймешігімен (14) біраз
бекітіп қойыңыз.
Ара шынжыры әлі керілмеген. Ара шынжырын керу
“Ара шынжырын керу” тарауында сипатталғандай
өткізіледі.
Ара шынжырын керу ( Bсуретін қараңыз)
Жұмысты бастау алдынан алдымен шынжыр кернеуін
тексеріңіз, алғашқы кесу әрекеттері мен арамен кесу
барысында үнемі әр 10 минут бойы тексеріп отырыңыз.
Әсіресе жаңа ара шынжырларын қолданғанда алғашқы
уақытта кеңейтудің жоғары бола алуына назар
аударуыңыз лазым.
Ара шынжырының қызмет өмірі оның майлануы
жеткілікті болуына және кернеуі дұрыс орнатылып
жүргеніне айтарлықтай байланысты болады.
Ара шынжыры тым қызып тұрғанда оны кермеңіз, себебі
ол суытылғаннан кейін тартылып және тарылып қалып,
одан кейін шапқыға тым жақын жатуы мүмкін.
Шынжырлы араны тегіс бір жер үстіне жатқызып
қойыңыз.
Шапқы тұрған позициясын босату үшін, тоқтатқыш
түймешігін (14) сағат тілі бағытына қарсы бағытта
шамамен 1–3 айналыс бұраңыз.
Шынжырдың бөлшектері шапқының (11) жүргізу
саңылауы ішіне дұрыс енгізілгенін және шынжырлы
тісті дөңгелегінің (20) үстінен дұрыс жатқанын
тексеріңіз.
Шынжырдың қызыл түсті керу шығыршығын (13)
лайықты шынжырлы кернеу мәні орнатылғанша дейін
сағат тілі бағытымен, “сырт” етіп толығымен
енгізілгенше дейін бұрып бекітіңіз. Тоқтату
механикасы шынжыр кернелуінің босап кетпеуін
қамтамасыз етеді. Шынжырды керу шығыршығының
(13) тартылуы ауыр болған жағдайда тоқтатқыш
түймешігін (14) сағат тіліне қарсы бағытта әрі қарай
бұра отырып босату керек. Тоқтатқыш түймешігінің
(14) шынжырды керу шығыршығымен бірге айналуы
шынжырды керу шығыршығы (13) лайықты түрде
орнатылып қойылған жағдайда рұқсат етіледі.
Ара шынжыры (12) , оны оның ортасынан шам. 2–
3мм көтере алу мүмкін болғанда, дұрыс кернелген
деп саналады. Бұл әрекет ара шынжырын шынжырлы
араның өз салмағына қарсы бір қолмен жоғарыға
қарай тарту арқылы өткізілуі лазым.
Ара шынжыры (12) тым қатты тартылған жағдайда
шынжырды керу шығыршығын (13) сағат тілі
бағытына қарсы бұраңыз.
Керіліп қойылған ара шынжырында (12) шапқыны
(11) қысып бекіту әрекеті тоқтатқыш түймешігін (14)
сағат тілі бағытымен бұру арқылы өткізіледі. Бұл
әрекет ешбір құралды қолданбай-ақ өткізіледі.
Ара шынжырын майлау (D суретін қараңыз)
Нұсқау: Шынжырлы ара арнайы шынжырлы аралар үшін
арналған майлау материалымен (құралдың сатылғанда
немесе жеткізіп берілгендегі көлемінде болатын)
толтырылмаған қалыпта жеткізілген. Шынжырлы араны
қолдану алдынан оның маймен толтырылған болуы
маңызды. Шынжырлы араны ара шынжыры үшін
арналған арнайы майсыз қолдануы немесе бар болған
май көлемі керекті деңгейден төмен болғаны шынжырлы
араның бұзылуына апарады.
Ара шынжырының қызмет өмірі мен кесу өнімділігі оның
майлану үйлесімділігіне байланысты. Сондықтан ара
шынжыры май бүріккіші (21) арқылы іске қосылып
қолданылған уақытта автоматты түрде ара шынжыры үшін
арналған арнайы майымен майланып отырады.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз:
Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен (4)
лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып
қойыңыз.
Май резервуары қақпағының (4) айналасын
шүберекпен тазалап алып, қақпағын бұрап отырып
шығарып алыңыз.
Май резервуарын биологиялық тұрғыда бөлшектеніп
ажырай алатын, шынжыры аралан үшін арналған
Bosch компаниясының майлау материалымен “max”
деп белгіленген деңгейін белгісіне (7) жеткенінше
дейін толтырыңыз.
Май резервуарына кір не лас түспеуіне назар
аударыңыз. Май резервуарының қақпағын (4) бұра
отырып қайтадан толығымен жауып қойыңыз.
Алдын ала ішіне майды сорғылап тарту үшін
шынжырлы араны 30 секунд бойы іске қосып
қойыңыз.
Нұсқау: Май резервуарын желдету үшін май резервуары
бітеуші шағын ауа каналдарымен жабдықталған. Майдың
ағып шығуын болдырмау үшін шынжырлы араны, оны
қолданбаған уақытта әрқашан май резервуары бітеушін
(4) жоғарыға қарай қаратып көлбеу түрде қоюыңыз
лазым.
Нұсқау: Шынжырлы араның зақымдануын болдырмау
үшін тек қана биологиялық тұрғыда тез бөлшектеніп
ажырай алатын шынжырлы майлау заттарын (RAL-UZ48
ережелеріне сай) қолданыңыз. Ешқашан пайдаланған
майды немесе ескі майды пайдаланбаңыз. Рұқсат
етілмеген майды пайдалансаңыз кепілдік жарамсыз
болады.
F 016 L94 153 | (23.06.2021) Bosch Power Tools
Страницы: Стр: 43
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Цепные пилы Bosch