
Қазақ | 179
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Бағыттауыш шығыршықтарды қосымша дәлдеу
(G суретін қараңыз)
Уақыт өте келе бағыттауыш шығыршықтар тозып,
бағыттауыш шығыршықтар мен бұрғылау станинасының
арасында бос аралық пайда болуы мүмкін. Осы бос
аралықты жою үшін екі бағыттауыш шығыршықты
бекіткіш тежегіштің (16) бүйіріне қосымша дәлдеу керек.
Екі алты қырлы гайканы (36) дөңбек кілтпен (кілт ені
17мм) босатыңыз.
Содан кейін екі ішкі алты қырлы бұранданы (37) біркелкі
тартып, бос аралықты азайтыңыз.
Екі алты қырлы гайканы (36) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тасымалдау
Электр құралы орнатылған бұрғылау станинасын сақтауға
қоюға болады. Ол үшін электр құралын айналатын
кресттің (15) көмегімен едендік тақтаға қарай барынша
ары бұраңыз да, бұрғылау станинасының аударылуына
жол бермеңіз.
Қауіпсіз тасымалдау үшін электр құралын бұрғылау
станинасынан шығарыңыз. Электр құралы орнатылған
бұрғылау станинасын да тегіс бетте тасымалдауға
болады.
Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер
Аралық тақта 350 мм (GDB350WE) 2 608 550 628
Білдек адаптері (GDB2500WE) 2 608 550 622
Су жинау сақинасы (GCR350) 2 608 550 620
Су жинау сақинасына арналған
тығыздауыш қақпақ (GCR 350) 2 609 390 391
Бекіткіш жинағы:
– бетон үшін 2 608 002 000
– кірпіш қалау үшін 2 607 000 745
Бетонға арналған дюбельдер жинағы 2 608 002 001
Вакуумдық жинақ 2 608 550 623
Вакуумдық жинаққа арналған
тығыздауыш резеңке (GCR350) 2 608 550 626
Жылдам қысқыш колонкасы 2 608 598 111
Қысымдалған су багы 2 609 390 308
Ылғалды/құрғақ сорғыш GAS 35MAFC
Ылғалды/құрғақ сорғыш GAS 55MAFC
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош”
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
“Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
“Гермес” БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде
өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі
төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін
жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу
белгілерінің жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату
туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
бар болуы;
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік
талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7Y8 | (27.05.2022)
Добавить комментарий