
Қазақ | 177
Саңылауды қажетті бұрғылау диаметрі үшін тығыздауыш
қақпақта кесіп алыңыз.
Қыспа серіппені (35) едендік тақта (19) мен бұрғылау
бағаны (21) арасындағы саңылауға тірелгенше
жылжытыңыз. Бұл ретте қыспа серіппенің бұрыштық
бөлігі төмен қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су жинау сақинасын қалпына келтіріп, қыспа серіппені су
жинау сақинасындағы тіреу нүктелеріне қойыңыз. (Қыспа
серіппедегі ұштардағы қапсырмалар қыспа серіппені
жоғары қарай тартуға арналған.)
Серіппенің керу күші арқылы су жинау сақинасы
тығыздауышымен бірге астыңғы бетке басылып,
ылғалды/құрғақ сорғыштың вакуумымен бірге судың
шығып кетуіне жол бермейді.
Аспирациялық келте құбырды қажетті күйге келтіру үшін
су жинау сақинасын оның қыспа сақинасының ішінде
бұрауға болады (мысалы, көлденең саңылаулардағы су
ағынын оңтайландыру үшін). Ол үшін су жинау
сақинасындағы қыспа сақинаның құлпын ашыңыз, су
жинау сақинасын қажетінше бұрап, құлыпты қайтадан
жауып қойыңыз.
Пайдалану
Бұрғылау бұрышын өзгерту
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uБұғылау станинасында әр реттегеннен кейін
барлық бұрандаларды қайтадан бұрап бекітіңіз.
Қалпақшалы гайканы (17) айналатын крестпен (15)
босатыңыз.
Бұрғылау станинасын бұрғылау бұрышының шкаласы
(13) бойынша қажетті бұрғылау бұрышына орнатыңыз.
Дәл реттеу үшін қалпақшалы гайканың (17) жанындағы
көрсеткіні ескеріңіз.
Қалпақшалы гайканы (17) айналатын кресттің (15)
көмегімен қолмен тартыңыз.
uБұрғылау станинасын тек бұрыш реттегішінің
қалпақшалы гайкасы (17) қайта тартылған болса
ғана орнатуға болады.
Қолданысқа енгізу
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
uЖұмысты бастамас бұрын жауапты инженермен,
сәулетшімен немесе құрылыс басқармасымен
жоспарланған саңылаулар жөнінде кеңесіңіз.
Арматураларды тек құрылыс инженерінен рұқсат
алып ажыратыңыз.
uБұрғылау кезінде, қабырға немесе еденді тесу
кезінде тиісті бөлмелерде кедергілердің жоқтығын
тексеріп шығыңыз. Құрылыс орнын жауып, кернді
қорама қалып арқылы құлаудан қорғаңыз.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD)
жұмысын тексеру
Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс
автоматының (PRCD)(1) ақаусыз жұмыс істеуге қабілетін
тексеріп шығыңыз:
– Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)
TEST түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау
индикаторы сөнеді.
–RESET түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы
керек.
Егер қызыл түсті бақылау индикаторы TEST түймесі
басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде
қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті Bosch
клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек.
uЖылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD)
ақаулы болса, электр құралын пайдалануға
болмайды.
Қосу
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)(1)
RESET түймесін басыңыз.
Су жапқыш шүмекті (5) өткелге орнатыңыз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (2) 1 күйіне
қайырыңыз.
Өшіру
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) 0 күйіне
қайырыңыз.
Су жапқыш шүмекті (5) бұрап бекітіңіз. Жұмыс соңында
шүмекке жалғағыш бөлшекті (4) су жеткізу құбырынан
ажыратыңыз. Су жапқыш шүмекті (5) ашып, қалған суды
ағызыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Электр құралының электроникасы қозғалтқышты
бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік беріп, жоғары іске қосу
тогына жол бермейді.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
Қайта іске қосу үшін жылыстау тогынан қорғаныс
автоматындағы (PRCD)(1) RESET түймесін басыңыз.
Содан кейін ажыратқышты (2) өшірілген күйге келтіріп,
электр құралын қайта қосыңыз.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Беріліс ауыстырып-қосқышымен (3) үш айналу жиілігін
алдын ала таңдауға болады.
Берілістер төмендегі саңылау диаметрлері үшін
ұсынылады:
– 1-беріліс: 165–350мм
– 2-беріліс: 80–160мм
– 3-беріліс: 55–105мм
Bosch Power Tools 1 609 92A 7Y8 | (27.05.2022)
Добавить комментарий