Bosch GDB 350 WE

Данная инструкция на русском языке предназначена для дрели Bosch GDB 350 WE, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для дрели представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
Қазақ | 173
бұрғылайтын білдекті бірқалыпты және сенімді
басқару мүмкін болмайды.
uБұрғылайтын білдектің жалғағыш кабелін жұмыс
аймағынан алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе
шиеленіскен кабель электр тогының соғу қауіпін
арттырады.
uБұрғылау тірегіне артық жүктеме түсірмеңіз және
оны саты немесе тірек ретінде пайдаланбаңыз.
Бұрғылау тірегіне артық жүктеме түсіру немесе үстінде
тұру нәтижесінде бұрғылау тірегінің салмақ орталығы
артып, аударуына алып келуі мүмкін.
uПайдаланылмайтын бұрғылау тірегін балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Құрылғымен
таныс емес немесе осы нұсқауларды оқымаған
адамдарға оны пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында құрылғылар қауіпті
болады.
uБұрғылау тірегінде немесе бұрғылайтын білдекте
кез келген жұмыстарды өткізу алдында, жұмыс
үзілістерінің кезінде және бұрғылау тірегін
пайдаланбайтын кезде бекіткіш тежегішті бұрап
бекіту арқылы бұрғылау тірегін кенет қозғалудан
қорғаңыз.
uЭлектр құралын тек қорғаныш сымы бар және
өлшемі жеткілікті ток желілерінде пайдалануға
болады.
uБұрғылау станинасын жұмыс кезінде әрдайым
дюбель, вакуум (керек-жарақ) немесе жылдам
қысқыш бағанның көмегімен бекітіп, алмасты
бұрғы білдек пен бұрғылау коронкасы орнатылған
бұрғылау станинасын кездейсоқ аударылудан
сақтап қойыңыз.
uСу өткізетін шлангтар, жалғау бөліктері және су
жинау сақинасы (керек-жарақ) күйінің дұрыс
болуын тексеріңіз. Зақымдалған немесе тозған
бөліктерді пайдаланудан бұрын алмастырыңыз.
Электр құралының бөліктерінен судың шығуы ток соғу
қауіпін арттырады.
uЭлектр құралын тиісті тәртіппен жерге тұйықталған
ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш
кабельде ақаусыз қорғаныш сым болуы қажет.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Тасымалды алмасты бұрғы білдек GDB350WE+
GCR350
Алмасты бұрғы білдек
Электр құралы алмасты ылғалды бұрғылау коронкасымен
және су ағызуымен бетон, темір бетон немесе тас сияқты
минералды заттектерді ылғалды бұрғылауға арналған.
Электр құралын сорғыш құрылғымен (су жинау сақинасы
мен ылғалды/құрғақ сорғышпен) бірге пайдалануға
болады.
Электр құралын тек алмасты бұрғылау станинасымен
GCR350 бірге пайдалануға болады. Бас үстінен жұмыс
істеуге рұқсат етілмейді.
Алмасты бұрғылау станинасы
Алмасты бұрғылау станинасы Bosch ұсынған
GDB350WE алмасты бұрғы білдегін орнатуға арналған.
2608550622 білдек адаптерінің көмегімен
GDB2500WE алмасты бұрғы білдегін де орнатуға
болады. Басқа құрылғыларды орнатуға болмайды.
Алмасты бұрғылау станинасын дюбельдің көмегімен
еденге немесе қабырғаға орнатуға болады.
Алмасты бұрғылау станинасын вакуум (керек-жарақ)
көмегімен еденге немесе (қосымша бекіткішпен)
қабырғаға орнатуға болады. Бас үстінен бекітуге рұқсат
етілмейді.
Алмасты бұрғылау станинасын жылдам қысқыш
колонкасының көмегімен еденге орнатуға болады.
Қабырғаға немесе бас үстінен бекітуге рұқсат етілмейді.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген компоненттердің нөмірлері графикалық
беттердегі электр құралы мен бұрғылау станинасының
сипаттамасына негізделген.
Алмасты бұрғы білдек
(1) Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD)
(2) Ажыратқыш
(3) Беріліс ауыстырып-қосқышы
(4) Шүмекке жалғағыш бөлшек
(5) Су жапқыш шүмек
(6) Бұрғылау коронкасы a)
(7) Бұрғылау шпинделі
(8) Оңай босатқыш элемент
(9) Бұрғы білдектің тасымалдау тұтқасы
(10) Бұрғы білдек тасымалдау тұтқасының
бұрандалары
a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Алмасты бұрғылау станинасы
(11) Бұрғылау станинасының тасымалдау тұтқасы
(12) Бұрғылау станинасы тасымалдау тұтқасының
бұрандалары
Bosch Power Tools 1 609 92A 7Y8 | (27.05.2022)
Страницы: Стр: 29
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Дрели Bosch