
20
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау материал-
дары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырмакөрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында кем
дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Бұйым корпусын ылғал матамен сүртіп, табақты жуыңыз және кептіріңіз. Аспапты алғашқы
пайдаланылғанда бөтен иіс шықпау үшін оны тазалаңыз («Аспапты күтуді» қараңыз).
Аспапты бу клапанынан шығатын ыстық бу түсқағаз, декоративті жабындылар, электрондық
аспаптар мен жоғары ылғалдылық пен температурадан зардап шегуі мүмкін басқа заттарға
немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең бетке орнатыңыз.
Әзірлеудің алдында тостаған және мультипісіргіштің сыртқы және көзге көрінетін ішкі
бөліктерінде зақым, жарық және басқа ақау жоқтығына көз жеткізіңіз. Табақ пен қыздыру
элементі арасында бөтен зат болмауы керек. Қуа көзін корпустағы жалғағышқа қосыңыз,
қосылудың беріктігіне көз жеткізіңіз.
Аспапты ішіне тостағансыз немесе бос тостағанмен жақпаңыз — тамақ дайындау
бағдарламасын абайсыздан қосқан кезде бұл аспаптың сыни қызуына немесе антикүйгіш
жабындының зақымдануына әкеліп соқтырады. Тағамды қуыру алдында, ыдысқа көкөніс
немесе күнбағыс майын құйыңыз.
I I. МУЛЬТИПІСІРГІШ-ЖЫЛДАМ ПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Қақпақты ашу/жабу
Аспап қақпағын саңлаусыз жапқан кезде, бұйым корпусымен жалғанады, бұл оның жұмыс
камерасында жоғары қысымды құруға мүмкіндік береді.
Аспаптың ішіндегі қысым атмосфералықтан жоғары болғанда, қақпақ автоматты түрде
оқшауланады. Егер әзірлеу аяқталғаннан кейін қақпақ күшсіз ашылмаса, онда жұмыс ка-
мерасындағы қысым әлі де жоғары дегенді білдіреді. Аспаптың 10–15 минутта сууын
күтіңіз, одан кейін тостағандағы қысымды қалпына келтіру үшін бу қақпақшасын ашыңыз.
Қақпақты жабыңыз және «Закрыто» күйіне жеткенше бұраңыз. Жылдам пісіру режімінде
әзірлеу үшін бу қақпақшасын «Закрыто» күйіне ауыстырыңыз, мульти пісіру режімінде —
«Открыто» күйіне ауыстырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс барысында аспап қызады. Әзірлеу процесінде және аяқталған
нан кейін оның темір бөліктеріне тимеңіз. Аспапты көтеру немесе ауыстыру кезінде
корпустағы арнайы тұтқадан ұстаңыз.
МАҢЫЗДЫ! Аспапты қақпақтағы тұтқадан ұстап көтермеңіз!
Қорғау жүйесі
РЕДМОНД МP110 мультипісіргіші-жылдам пісіргіші көпдеңгейлі қорғау жүйесімен
жабдықталған. Егер камерадағы температура және (немесе) қысым рұқсат етілетін
көрсеткіштен асып кетсе, жүйе әзірлеу процесін тоқтатады. Бұл параметрлер қалпына келген
кезде, әзірлеу процесі жаңарады. Егер белгілі бір уақытта бұл болмаса, арнайы құрал электрлік
қорек сымын үзеді және мультипісіргіш-жылдам пісіргіш жұмысын тоқтатады.
Егер жылдам пісіру режімінде «Отмена/Разогрев» батырмасын басумен әзірлеу процесін
тоқтатқан болсаңыз, аспапты 10–15 минут ішінде салқындатыңыз және тостағандағы
қысымды қалпына келтіру үшін бу шығару қақпақшасын ашыңыз.
Жұмыс камерасындағы қысымды қалпына келтіргеннен кейін аспаптың қақпағын
ашыңыз.
Дыбыс сигналдарын сөндіру
Аспапты электр желісіне қосыңыз. «Время» батырмасын басыңыз және ұстап тұрыңыз.
Дисплейдегі температура индикаторының орнына «SОn» жазбасы жанады. Дыбыс сиг-
налдарының сөнуі «Мин» немесе «Час» батырмаларын басумен іске асады. индика-
торы жанады, дисплейде «SOFF» жазбасы көрсетіледі. Дыбыс сигналдарын қосу үшін
«Мин» немесе «Час» батырмаларын басыңыз. Баптаулар аяқталғаннан соң басқару
тақтасындағы батырмаларды 5 секунд бойы басып тұрмаңыз. Өзгертулер автоматты
түрде сақталады.
Қысым деңгейін орнату
РЕДМОНД МP110 мультипісіргіш-жылдам пісіргіштегі жылдам пісіру режімінде жұмыс
істейтін бағдарламаларда қысым деңгейін 30-дан 70 кПа дейін өзгертуге болады.
1. Қысымды орнату режіміне өту үшін, «Давление» батырмасын басыңыз.
2. Қысымның қажетті деңгейін орнатыңыз. «Мин» батырмасын басқанда қысым артады,
«Час» батырмасын басқанда-төмендейді. Өзгертулер сәйкес индикаторлармен көр-
сетіледі. Максималды шамаға жеткеннен кейін қысым деңгейін орнату, диапазон ба-
сынан жалғасады.
Деңгей Индикатор Қысым, кПа
Төмен Сары 30
Орташа Қызғылт сары 50
Жоғары Қызыл 70
Әзірлеу уақытын орнату
РЕДМОНД МP110 мультипісіргіш-жылдам пісіргіште «ЭКСПРЕСС» бағдарламасынан басқа,
әр бағдарлама үшін әзірлеу уақытын өздігінен орнатуға болады. Белгіленген уақыттың
өзгеру қадамы және ықтимал диапазоны таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты.
Автоматты бағдарламаны таңдағаннан кейін «Время» батырмасын басыңыз. Дисплейде
сағат шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды. Қажетті сағат шамасын «Час» баты-
Добавить комментарий