
18
еңкеймеңіз және қақпақшаны ашқан кезде оның үстінен қолды ұста-
маңыз.
•
Жұмыс камерасында қысым артқан кезде, қақпаққа блок қою жүйесі
автоматты түрде қосылады. Құрал қақпағын жұмыс камерасындағы
қысымды алдын ала қалыпқа келтірмей ашуға тырыспаңыз.
•
Сұйық немесе езбе тәрізді тағамдарды әзірлеу аяқталғаннан кейін,
буды шығару қақпақшасы арқылы ыстық сұйықтықтың лақтырылуына
жол бермеу үшін, қысымды лақтырар алдында 10-15 минут ішінде
құралды суынуға қалдырыңыз.
•
Құрал қақпағын оның үстінде орнатылған пластикалық тұтқадан ұстап
қана ашыңыз. Құрылғыны корпус бүйіріндегі арнайы тұтқалардан ұстап
және ажыратылған күйінде ғана көтеруге болады.
•
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз — бұл
құрылғының қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады — құрылғы корпу-
сының ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар болуы
мүмкін.
•
Бұл құрылғы теңіз деңгейінен максималды 2000 метрге дейін болған
биіктікте пайдалануға арналған.
•
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқау-
лықтарды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
•
Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар не-
месе тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдардың (оның ішінде ба-
лалардың) қолдануына арналмаған, мұндай тұлғалар қадағаланып,
олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға осы аспапты қолдануға
қатысты нұсқау жасалған жағдайлардан басқа. Балалардың аспаппен,
оның жинақтаушыларымен, сонымен қатар зауыттық орамымен ойна-
уына жол бермеу мақсатында қадағалап отыру қажет. Құрылғыны та-
залау және қызмет көрсетуді балалар ересектердің қарауынсыз жаса-
мауы тиіс.
•
Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
тыйым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұ-
мыстарды авторландырылған сервис-орталық жасауы керек. Біліксіз
жасалған жұмыс аспаптың бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымдануы-
на әкеліп соқтыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты кез келген ақауы бар болғанда
пайдалануға тыйым салынады.
Добавить комментарий